конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Мәдениет өкілдері қала тазалығына үлес қосты

Мәдениет өкілдері қала тазалығына үлес қосты

Барлығы 14.03.2025, 15:26 986
Мәдениет өкілдері қала тазалығына үлес қосты
Самат Құсайынов

Қала тазалығын сақтауға арналған шараға қоғам қайраткерлері, өнер және мәдениет өкілдері, еріктілер мен қала тұрғындары белсенді қатысуда.

Бүгін «Достық саябағында» өткен экологиялық акцияға әр саланың белгілі тұлғалары жиналды.  Бұл іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық эко-акциясының бастамасымен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында ұйымдастырылды.

Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, көліктерден, өндіріс орындарынан және тұрмыстық қалдықтардан келетін зиянды әсерді азайту, сондай-ақ қала тұрғындарын экологиялық мәдениетке баулу.

Экологиялық шараға Мемлекеттік тілді дамыту қорының атқарушы директоры, қоғам қайраткері Бижомарт Қапалбек те қатысып, өз пікірін білдірді:

– Бұл бастама өте құптарлық. Бірақ осындай акциялар науқаншылдық сипатында қалып қоймауы керек. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – күнделікті дағдымызға айналуы тиіс. Мысалы, жапон халқы жүрген жерін әрдайым таза ұстайды. Біз де осындай мәдениетті қалыптастыруымыз қажет. Сонымен қатар, қаладағы ескі ағаштарды жаңартып, жасыл желек көлемін арттыру маңызды. Әсіресе, қысы-жазы оттегі бөліп тұратын арша, шырша секілді ағаштар отырғызылса, тіпті жақсы болар еді, – деді ол.

Ортақ иглікті мақсат еткен шараға өнер өкілдері де салымын қосуда.

– Қазақ халқының ұлттық дәстүріне сай, көктем тазалықтан басталады. Көпшілік болып тазалыққа үлес қосуға ықылас таныттық. Әркім айналасынан бастаса, қала келбеті де өзгереді. Ұқыпты болу – мәдениеттіліктің белгісі, – деді әнші Біржан Хасанғалиев.

Экологиялық бастамалар қала тұрғындарының қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға үлкен үлес қосары сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тазалық #Алматы #мәдениет өкілдері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының мәдениет, ғылым, бизнес және жастар қауымдастығы сайлауға белсенді қатысуға шақырды

Бүгін 21:05

Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жариялады

Бүгін 19:23

Алматыда пәтерге тіркелетіндер саны шектелуі мүмкін

Бүгін 17:31

Текелі омарта өнімдерін жаңа деңгейге шығармақ

Бүгін 17:05

Алматыда сайлау күні жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға көлік қызметі көрсетіледі

Бүгін 16:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);