конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Луврдан бірнеше миллиардтық заттар ұрланды: не бел...

Луврдан бірнеше миллиардтық заттар ұрланды: не белгілі?

Әлем 20.10.2025, 10:48 819
Луврдан бірнеше миллиардтық заттар ұрланды: не белгілі?
depositphotos.com

Париж прокуратурасы Луврдегі тонауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Le Figaro-ға сілтеме жасап. 

Прокурор Лора Бекконың айтуынша, қылмыс тапсырыспен жасалған болуы мүмкін немесе ақша жылыстату мақсатында ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, шетелдіктер тонаған болуы мүмкін деген нұсқа айтылды. Бұған дейін Франция ІІМ мұндай мәлімдеме айтқан еді. 

Луврдегі оқиға 19 қазан таңертең болған. "Ерекше жағдайларға" байланысты музей бір күнге жабылып, келушілер эвакуацияланды.

Париж прокуратурасының дерегі бойынша, мына заттар ұрланған:

  • Мари-Луиза патшайымның жинағынан алқа мен сырғалар;
  • Мария-Амалия патшайымның (1830–1848) және голландиялық Гортензия де Богарне патшайымның жинағынан үш әшекей (алқа, сырға және тиара);
  • Евгения патшайымның жинағынан төрт бұйым: екі брошь, лифке тағылатын бант және тиара.

TF1 мәліметінше, музейді бірнеше адам скутерлермен келіп тонаған. Олар музейдің бір қасбетіне көтерілу үшін автокөтергіштің баспалдағын пайдаланған. Одан кейін терезелерді сындырып, Аполлон галереясындағы бөлмеге кіріп, бірқатар зергерлік бұйымды алып кеткен.

Оқиғаға Франция президенті Эмманюэль Макрон да пікірбілдіріп, X желісінде жазба жариялады:

"Луврді тонау - біз қастерлейтін тарихи мұраға қастандық. Біз зергерлік бұйымдарды табамыз, ал қылмыскерлер сот алдында жауап береді", - деп жазды ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#париж #Лувр #тонау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 11:05

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49

Жаңа Конституция – жасампаз әрі озық Қазақстанның негізі

Бүгін 09:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);