Алматы қаласында Принтмедиа технологиялар колледжі Басуға дейінгі процестер бөлімінің ұйымдастыруымен «Логотип әзірлеу және оны презентациялау» атты республикалық қатысумен өткен қалалық кәсіби шеберлік байқауы өз мәресіне жетті. Байқау жас дизайнерлердің кәсіби деңгейін көрсетіп, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Байқау кезеңдері
2026 жылғы 1–23 сәуір аралығында қатысушылардан өтінімдер қабылданып, шығармашылық жұмыстар жинақталды. 27 сәуір күні қазылар алқасының отырысы өтіп, ұсынылған жобалар жан-жақты қаралды. Комиссия мүшелері әр жұмысты кәсіби тұрғыда бағалап, үздіктерді анықтады.
Жас дизайнерлер алаңы
2026 жылғы 28 сәуірде колледж базасында байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген студенттер қатысып, өздерінің авторлық жұмыстарын ұсынды.
Биылғы байқауға еліміздің 11 колледжі қатысып, 19 шығармашылық жоба ұсынылды.
Байқау келесі бағыттар бойынша өтті:
– «Принтмедиа технологиялар колледжінің 50 жылдығы»
– «Алматы – мүмкіндіктер қаласы»
– «Дизайн және медиа саласындағы болашақ мамандықтар»
– «Қазақстан – инновациялар елі»
Байқауға қатысқан колледждер қатарында: Принтмедиа технологиялар колледжі, Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі, Алматы сервис және технологиялар колледжі, Алматы автомеханикалық колледжі, Т. Жүргенов атындағы өнер колледжі, Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі, Инновациялық университеттің жоғары колледжі (Павлодар), Алматы көпсалалы колледжі, Алматы құрылыс-техникалық колледжі, ҚазБСҚА, Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі №1 болды.
Жеңімпаздарды марапаттау
Байқау қорытындысы бойынша келесі нәтижелер анықталды:
«Алматы – мүмкіндіктер қаласы» номинациясы:
– Бас жүлде – Рабцевич Алеся Алексеевна (Қостанай қызмет көрсету колледжі)
– 1 орын – Епифанова Николь Александровна (Принтмедиа технологиялар колледжі)
– 2 орын – Саморядов Егор (Алматы сервис және технологиялар колледжі)
«Принтмедиа технологиялар колледжінің 50 жылдығы» номинациясы:
– 3 орын – Пичугина Вероника (Принтмедиа технологиялар колледжі)
«Дизайн және медиа саласындағы болашақ мамандықтар» номинациясы:
– 3 орын – Касьян Варвара Андреевна (Инновациялық университеттің жоғары колледжі, Павлодар)
«Қазақстан – инновациялар елі» номинациясы:
– 2 орын – Бейсенқызы Жұлдыз (Алматы құрылыс-техникалық колледжі)
Қалған қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Бағалау және кәсіби сараптама
Ұсынылған жұмыстар қазылар алқасының жан-жақты сараптамасынан өтті. Бағалау барысында креативті ойлау, идеяның өзектілігі және орындалу сапасы негізгі критерийлер ретінде қарастырылды.
Әрбір жоба белгілі бір тұжырымдамаға негізделіп, қатысушылардың заманауи дизайнға деген көзқарасын айқын көрсетті. Ұйымдастырушылар атап өткендей, логотип – бұл тек бейне емес, ол брендтің мәнін, философиясын және бірегейлігін жеткізетін маңызды құрал.
Ұйымдастырушы пікірі
Басуға дейінгі процестер бөлімінің меңгерушісі Сулейжан Айдана Есболқызы байқаудың жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Оның айтуынша, қатысушылардың жұмыстары сапасымен және креативті шешімдерімен ерекшеленді:
«Байқау өз деңгейінде өтті. Қатысушылар тың идеялар ұсынып, кәсіби дайындықтарының жоғары екенін көрсетті. Мұндай байқаулар студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға және кәсіби дағдыларын жетілдіруге үлкен мүмкіндік береді», – деді ол.
Қатысушылар пікірі
Байқауға қатысқан педагогтар мен жетекшілер де ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға берді. КМҚК «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» арнайы пәндер оқытушысы, өндірістік оқыту шебері Степченко Ирина Николаевна өз әсерімен бөлісті:
«Республикалық байқауға қатысу мүмкіндігін берген ұйымдастырушыларға үлкен рахмет! Сіздер – нағыз кәсіби мамандарсыздар! Лайықты қарсыластарға және бізді дайындаған педагогтарға алғысымыз шексіз! Баршаңызға алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!»
Қорытынды
Аталған байқау студенттер үшін тек шығармашылық сайыс қана емес, кәсіби дамуға бағытталған маңызды тәжірибе алаңы болды. Мұндай іс-шаралар жас мамандардың әлеуетін ашып, олардың дизайн және медиа саласындағы болашағына сенімді қадам жасауына мүмкіндік береді.
Байқау материалдарының толық нұсқасы, соның ішінде қазылар алқасының отырысы мен марапаттау рәсімінің бейнежазбалары колледждің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде қолжетімді болады.
Шуленбаева Жулдыз Кенжемуратовна,
Принтмедиа технологиялар колледжінің арнайы пән оқытушысы (ПТК)