AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Латвияда «Қазақстандағы реформалар – ниеттен іс-әр...

Латвияда «Қазақстандағы реформалар – ниеттен іс-әрекетке» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Тәуелсіздік-30 19.10.2021, 05:12 1,259
Латвияда «Қазақстандағы реформалар – ниеттен іс-әрекетке» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
24.kz

Қазақстанның Латвиядағы Елшілігі Латвияның Экономика институтымен бірлесе отырып, Латвия Ғылым Академиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған «Қазақстандағы реформалар – ниеттен іс-әрекетке» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz «Хабар 24» сілтеме жасап.


ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетов қазіргі уақытта елде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы баяндама жасады. Аудиторияның назары тәуелсіз дамудың үш онжылдығы ішіндегі мемлекеттің негізгі жетістіктеріне аударылды.



Дипломаттың айтуынша, олардың әрқайсысы жас мемлекеттің егемендігін, ұлттық экономикасын, ішкі және сыртқы саясатын, халықаралық беделін нығайтуда маңызды кезеңге айналды. Тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаевтың елдің қалыптасуы мен бүкіл әлемде танылған мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін қалыптастырудағы негізгі рөлі атап өтілді.



Дөңгелек үстел жұмысына Латвия Сеймінің бірқатар депутаттары қатысты. Атап өткенде, Улдис Аугулис – «Жасылдар мен Шаруалар одағы» парламенттік фракциясының басшысы және Қазақстан Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі топтың жетекшісі, Арманд Краузе – Сыртқы істер жөніндегі парламенттік комитеттің мүшесі, Любовь Шевцова – Қазақстан Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі топ басшысының орынбасары, сондай-ақ Иева Силина – Латвия Президентінің Ғылым және білім жөніндегі кеңесшісі, академик Байба Ривжа – Латвия ғылым академиясы төралқасының мүшесі, Янис Ванагс – Экономика институтының жетекші экономисті, Рига техникалық университетінің профессоры, Ритумс Розебергс – «Netkariga Rita avize» газетінің саяси шолушысы, Александр Видякин – Балтық-Қазақстан экономикалық ынтымақтастық қауымдастығының төрағасы және Латвия Экономика институтының өзге де сарапшылары.



Іс-шараның модераторы Латвия ғылым академиясы Экономика институтының директоры Нина Линде болды. Сындарлы пікірталас барысында У. Аугулис, А. Краузе, Л. Шевцова, Б. Ривжа және Я. Ванагс сөз сөйледі, олар Президент Қ. Тоқаевтың одан әрі демократияландыруға, азаматтық институттарды нығайтуға, мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруге, қазақстандықтардың өмір сапасы мен деңгейін арттыруға бағытталған ауқымды жаңғыртылған күн тәртібін жоғары бағалады.



Сонымен қатар, Мемлекет басшысы алға қойған стратегиялық мақсаттар мен міндеттер әлемдік саясат пен экономиканың КОВИД-19 пандемиясынан кейінгі дамуының басымдықтарымен нақты үйлесетіні аталды.


Іс-шараға қатысушылар түрлі салаларда ортақ мүдделердің бар екеніне тоқталып, Қазақстан мен Латвия арасындағы ынтымақтастықтың қолда бар әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігімен келісті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Тәуелсіздік #Латвия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала күнінің басты іс-шаралары: 19-20 қыркүйекте Алматыда қайда баруға болады

Бүгін 15:43

Қала күніне орай халықаралық D Billions балалар шоуы Алматыда алғаш рет өнер көрсетеді

Бүгін 14:59

Қазақстанда ЖИ-ді дамыту жағдайында кадр даярлау жүйесінің жаңа моделі қалыптасуда

Бүгін 14:45

Қазақстан World Cleanup Day акциясына қосылады

Бүгін 14:36

Қазақстанда бағалардың маусымдық төмендеуі жалғасуда

Бүгін 14:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);