Лагерьлердің жазғы маусымға дайындығы бақылауда

  • 12:45, 16 мамыр 2025
Лагерьлердің жазғы маусымға дайындығы бақылауда Сурет: depositphotos.com

Ағымдағы жылы балаларды сауықтыру ұйымдарын (лагерь) маусымға уақтылы дайындау мақсатында Комитеттің аумақтық бөлімшелері әкімдікпен бірлесіп балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша Жол карталарын әзірлеп бекітті.

Жол карталарын іске асыру шеңберінде: 

балалар демалысы объектілерінің санитариялық-техникалық жай-күйін бағалау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру; 
- лагерь қызметкерлерімен оқыту және түсіндіру іс-шараларын өткізу, сондай-ақ дайындықтан бастап ауысым аяқталғанға дейінгі барлық кезеңдерде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын бақылау; 
- балалардың тамақтану, сумен жабдықтау, медициналық қызмет көрсету және тұру жағдайларының сапасын бақылау көзделуде.

Бүгінгі таңда консультациялық көмек көрсету үшін әр лагерьге санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бекітілді, олар 191 лагерь өкілдеріне кеңес берді.

Жол карталарын іске асыру бойынша мониторинг Комитеттің бақылауында. Қазіргі уақытта Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің атына санитарияшллық-эпидемиологиялық қорытынды (СЭҚ) алуға 29 өтініш келіп түсті, оның 8-і СЭҚ алды, 17-сі қаралуда, 4-не –дәлелді бас тарту берілді.

Дәлелді бас тартудың негізгі себебі – құжаттардың толық емес пакетін ұсыну, атап айтқанда жарықтандыру хаттамаларының, микроклиматтың, суды вирусологиялық зерттеудің және объектінің техникалық паспортының болмауы.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21