Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Лагерь – балалықтың жарқын естелігі

Лагерь – балалықтың жарқын естелігі

Барлығы 05.06.2025, 19:19 774
Лагерь – балалықтың жарқын естелігі
Сурет: Aqshamnews.kz

Жаз – балалар мен жасөспірімдер үшін ең қуанышты әрі ұмытылмас мезгілдердің бірі. Бұл демалыс - ұзақ оқу жылынан кейін мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту мен өсіп-өркендеуі.  Жазғы лагерь – осындай мүмкіндіктердің барлығы шоғырланған ерекше орын. Жазғы лагерь балалардың дамуына оң әсер етеді, сонымен қатар көпбалалы отбасылардың балалары үшін уақытты тиімді пайдаланудың қолайлы сәті.

    Биылғы оқу жылында №172 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушыларына мектеп жанындағы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген «Балдәурен» жазғы лагерь ұйымдастырылды. Ашылу салтанатына мектеп басшысы Чорманова Алия Сбанқұлқызы өзі қатысып, балаларға жылы лебізін жеткізіп, демалыстарының қызықты өтуіне тілектес болды.

   Лагерьдің күнделікті жоспар бойынша таңертеңгі флешмобтар ұйымдастырылады. Сынып жетекшілер балалардың демалысы көңілді, қуанышқа толы болуы үшін күш-жігерін, шығармашылық қабілеттерін аямай, әр күнге жоспарланған қызықты мерекелік іс-шаралар ұйымдастырады. Табиғат аясында топтық, спорттық ойындар, саяхаттар өткізіліп,  дүниетанымдарын кеңейту мақсатында концерт залында 3D форматында түрлі фильмдер көрсетіледі. Түрлі тақырыптағы асфальт бетіне сурет салу байқаулары ұйымдастырылады. «Мықты және батыл» спорттық эстафеталарында балалардың аса белсенділіктері байқалады. Сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен жүргізілген түрлі «Үстел үсті» ойындары балаларға қызықты. Ұлттық мұражайға саяхат ерекше әсер сыйлайды.

   Лагерьдегі балалардың тамақтануы басты назарда. «Ас-адамның арқауы» демекші, балаларға күн сайын ас мәзіріне сай түрлі тағамдар дайындалады. Балаларды тамақтандыру рационында витаминді-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдері көзделеді.

   Мектеп жанындағы жазғы лагерь әр баланың талантын ашуға және дамытуға көмектеседі және достарымен бірге сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі жеткіншектердің қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Оларға зерттеулер мен белсенді танымдық іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді. Әр баланың қауіпсіздігі басты назарда.

  Әр өткізілген іс-шара ата-аналардың келісімімен жүргізіліп, кері байланыс ретінде фото мен видео есептер жасалынады. Балалардың жазғы лагерьде тиімді әрі қызықты өткізген уақыты ата-аналардың көңілінен шығып, алғысын білдіруде.

   Осылайша лагерьдің әрбір күні сәнді де мәнді өтуде. Бұл тұста балалардың демалыстарын тамаша өткізуіне үлес қосқан сынып жетекшілердің еңбектерін айта кеткен жөн, себебі балалардың көңілді демалып жатқандығы жүздерінен көрініп тұрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жаз #лагерь #балалар #демалыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика