Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Күшіміз - бірлікте. «Сбербанк» Алматыны қалпына к...

Күшіміз - бірлікте. «Сбербанк» Алматыны қалпына келтіруге көмектеседі

Әлеумет 13.01.2022, 04:47 1,031
Күшіміз - бірлікте.  «Сбербанк» Алматыны қалпына келтіруге көмектеседі
almaty-akshamy.kz

«Сбербанк» АҚ қаланы қалпына келтіруге жарты миллиард теңгеден астам қаржы бөлді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Осындай қиын шақта Алматыны қалпына келтіру және қалаға көрік беру үшін көрсетілетін кез келген көмек пен қолдау өте маңызды. Әрқайсымыз бір кісідей атсалыссақ, бұл сынақты бірге еңсереміз, өмірімізді жақсартамыз. Біздің күшіміз - бірлікте.


12 қаңтарда Алматыға су жаңа 10 реанимобиль сыйға берілді, орын алған тәртіпсіздіктердің салдарынан бірнеше "жедел жәрдем" көлігінің жойылғанын ескерсек, бұл көліктер қаламызға  өте қажет. Заманауи реанимобильдер барлық қажетті медициналық құралдармен жабдықталған, атап айтқанда, дефибрилляторлар, жүрек қағысын тексеретін толық жүйе, пульсоксиметрлер, тасымалдауға қолайлы тыныс алу аппараттары, оттегі баллондары бар. Сондай-ақ Банк Ұлттық кітапхана мен республикамыздың мемлекеттік орталық мұражай ғимаратын жөндеп, қалыпты жағдайына келтіреді.



 Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың біртіндеп бұрынғы өміріне оралғанын және орын алған оқиғадан кейін қалпына келтіру жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтты.



«Біз қазақстандықтардың қиын кезеңде ұйымшылдық көрсетіп, жұмылған жұдырықтай әрекет ете алатынына тағы да көз жеткіздік. Алматылықтарға тәртіпсіздік кезінде сабырлылық пен батылдық танытқандары үшін және бізге көрсеткен көмектеріңіз үшін алғыс айтамын» - деді Бақытжан Сағынтаев.



Сондай-ақ қала әкімі зардап шеккен салаларды қалпына келтіруге, соның ішінде дансаулық сақтау саласына ірі бизнес және қаржы институттарының қолдау көрсетіп жатқанын ерекше алғыспен айтты.



 «Алматы қиын кезеңді басынан өткізуде. Қазіргі уақытта басты ортақ мақсатымыз – туған қаламыздың бұрынғы келбетін қайтару. Біз осы бір маңызды іске өз үлесімізді қосқымыз келеді. Бүгін біз Алматы әкімдігіне алдыңғы қатарлы медициналық құралмен жабдықталған 10 "жедел жәрдем" көлігін табыстаймыз. Сондай-ақ Ұлттық кітапхана мен ҚР Орталық мемлекеттік мұражайын өз күшімізбен қайта қалпына келтіреміз деп шештік. Біріге жұмылсақ, қираған нысандарды жылдам қалпына келтіріп қана қоймай, бұрынғыдан да күштірек боламыз деген сенімдемін», - деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Елдар Теңізбаев.



Бүгінде "Сбербанктің" бөлімшелері мен банкоматтары еліміздің барлық аймақтарында штаттық тәртіпте жұмыс істейді. Несиелеуді қосқанда, клиенттерге барлық қызметтер қолжетімді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #халық #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика