ffin.kz

Күріш пен макарон пластиктен жасалады

Күріш пен макарон пластиктен жасалады Сурет: Stopfake.kz

Қазнетте осындай қорқынышты видео тарап жүр.


Онда мөлдір таспалардың күрішке ұқсас нәрсе шығаратын жабдық көрсетілген. Полиэтилен пакеттерден күріш пен макарон өнімдері осылай жасалады екен, ал оларды қолдану денсаулыққа зиян.


Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 


Роликтің жоғарғы сол жақ бұрышында SunPring деп жазылған логотип көрініп тұр. Осы сөз бойынша іздегенде Желіден осылай аталатын қытайлық компания шығады. Ол тамақ пен жемге арналған экструдерлерді өндірумен және сатумен айналысады. Экструдерлер – бұл шикізаттан толық дайын өнім шығаратын машиналар. SunPring желісінде снэктер, балалар сүт қоспасын, балық, мысық және ит тағамдарын шығаруға арналған экструдерлер бар.


Сондай-ақ, компания жасанды күріш шығаратын экструдерлер сатады. Жабдықтың осы түріне арналған парақшада жарманы қандай шикізаттан өндіруге болатындығы егжей-тегжейлі сипатталған. Әрине, полиэтилен пакеттерден емес. Жасанды ұзын дәнді күріш жасау үшін күріш, жүгері, тары, бидай, сұлы, соя және түрлі дәрумендерді қолдану ұсынылады. Сонымен қатар, компанияның сайтында мұндай күріштің құны табиғи жарманың құнынан жоғары екендігі көрсетілген. Компания өкілдері атап өткендей, жасанды аналог әлдеқайда нәрлі болып табылады.


Демек, Қазнетте таралған кадрларда жасанды күріш жасау процесі көрсетілген, бірақ ол полиэтилен пакеттерден емес, ұсақталған күріштен, жүгеріден, тары, сұлы және басқа да дәнді дақылдардан жасалады. Мұндай күріштің құны табиғи күріштің құнынан жоғары болғандықтан, бірі деп екіншісін ұсыну мағынасыз.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41