Күн саны: аптаның айрықша көрсеткіштері

  • 10:17, 19 маусым 2025
Күн саны: аптаның айрықша көрсеткіштері Жасанды интеллект

Аqshamnews.kz редакциясы "Күн саны" айдарында аптаның ең маңызды деректеріне шолу жасады.  

Қазақстан мен Қытай 24 құжатқа қол қойды 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин жүргізген келіссөз нәтижесінде 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды.

Екі ел делегациясының мүшелері энергетика, аэроғарыш, цифрландыру, кеден, ауыл шаруашылығы, электронды сауда, туризм, зияткерлік меншік, медицина, медиа, ғылым, өңіраралық байланыс салаларындағы ынтымақтастықты қамтитын құжаттармен алмасты. 

Қазақстан Қытайға 1500 киік тарту етеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда киік популяциясын қалпына келтіру мақсатында оларды Қытайдың батыс бөлігіне қоныстандыру үшін 1 500 киікті сыйға беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Қайтарылған активтер қаражатынан 400-ден аса нысан салынып жатыр

Қазір жалпы құны 318 млрд теңге болған 406 жобаны қаржыландыру мақұлданды. Оның ішінде 9 білім беру нысаны, спорт саласындағы 3 нысанды, денсаулық сақтау саласындағы 162 жобаны, сумен жабдықтау саласындағы 159 жобаны қоса алғанда, 333 жоба іске асырылып жатыр.

Былтыр әлеуметтік салаға 8,8 трлн теңге қаражат бөлінген

Мәжілісте Үкіметтің 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі қаралады. Қаржы министрі Мәди Такиев 2024 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 4,8 болғанын айтты. 

"Бюджет түсімдері 98%-ға орындалып, шамамен 20 трлн теңге түсті. Шығыстар 23 трлн 594 млрд теңгеге атқарылды. Бюджет тапшылығы белгіленген шамадан 3 трлн 649 млрд теңгеге немесе жалпы ішкі өнімге 2,7% (134 251,9 млрд теңге) болды. Мемлекеттік қарыз нақты ЖІӨ-нің 23,7% дәлізінде және 31,8 трлн теңге болды", - деді вице-министр.

⚫️
Ауылдарда 479 медициналық нысан салынған 

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратовтің айтуынша, ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде 479 МСАК нысанының құрылысы аяқталды.

🏥Бұл ретте бұрын медициналық нысандар болмаған ауылдарда 178 нысан салынды. 301 нысан ескірген және бейімделген нысандардың орнына салынған. 2025 жылдың аяғына дейін тағы 176 МСАК нысанын аяқтау жоспарланып жатыр.

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден аса мектеп салынады

2025–2026 оқу жылында 300 мыңнан аса оқушы орнына есептелген 200-ден аса жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Соның ішінде 206 мың оқушы орнына арналған 112 мектеп "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында пайдалануға беріледі. Жаңа мектептердің жартысына жуығы ауылдарда орналасады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:14

17:57

17:42

17:35

17:28

17:02

16:36

16:31

16:28

16:16

15:57

15:41

15:08

15:03

14:36

14:20

13:58

13:04

12:40

12:06

12:02

12:00

11:58

11:48

11:41