AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / КҮН САНЫ: аптаның айрықша көрсеткіштері

КҮН САНЫ: аптаның айрықша көрсеткіштері

Мұны білген жөн 05.06.2025, 09:55 622 Сұлу
КҮН САНЫ: аптаның айрықша көрсеткіштері
Жасанды интеллект

Аqshamnews.kz редакциясы "Күн саны" айдарында аптаның ең маңызды деректеріне шолу жасады. 

Мемлекеттік рәміздерге – 33 жыл

4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 33 жыл толды. 1992 жылы дәл осы күні Тәуелсіз Қазақстанның Туы, Елтаңбасы және Әнұраны ресми түрде қабылданды

"Байқоңыр" ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл күнмен құттықтады. 

"1957 жылы дәл осы арадан жасанды Жер серігі ұшырылып, ғарышты игеру дәуірі басталды. Көп ұзамай, 1961 жылы айлақтан тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин көк жүзіне аттанды. Бұл тарихи оқиға жаһан жұртшылығын біріктіріп, адамзаттың ғылым мен өркениет прогресіне деген сенімін нығайтты. Содан бері Байқоңырдан мыңдаған Жер серігі ұшырылып, ондаған миссия орындалды. Мұнда көрнекті ғалымдар, конструкторлар мен инженерлер жұмыс істеді. Ұлы жетістіктердің бастауында тұрған барлық маманға шексіз ризашылығымды білдіремін!" - деді Президент құттықтауында. 

Биыл 143,2 мың адам жұмысқа орналастырылған

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген есебінде айтты.

  • Министр мәліметінше, 🟦биылғы 1 мамырға дейін 157,8 мың адамды еңбекпен қамту шаралары жүргізілген;
  • 143,2 мың азамат жұмысқа орналастырылған;
  • жыл басынан бері 232 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген.

"Қазақстан балалары" онкүндігіне 5 миллионнан аса бала қатысты

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елімізде алғаш рет кең ауқымды "Қазақстан балалары" атты онкүндігінің аясында 45 мыңнан аса түрлі іс-шара ұйымдастырылып, оларға 5,6 миллионнан астам бала қатысты.

Биыл 216 мыңнан аса бала 1-сыныпқа қабылданған 

1 сәуірден бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды. Бүгінгі күнге дейін еліміздің мектептеріне 216 121 бала қабылданды, олардың 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.

Қазақстанда  660 мыңнан аса адам ұлттық спортпен айналысалы 

2024 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 660 мыңнан асты. Бұл — елімізде дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың жалпы санының 9,6 пайызы (2023 жылы — 619,2 мың адам немесе 8,7%). Жаттықтырушылар құрамы 1781 маманды қамтиды, оның ішінде 1004-і ауылдық жерлерде жұмыс істейді.
 
Ең танымал спорт түрлері:
• қазақша күрес,
• тоғызқұмалақ,
• асық ату,
• көкпар,
• бәйге,
• теңге ілу,
• жамбы ату,
• аударыспақ,
• құсбегілік,
• дәстүрлі садақ ату,
• жекпе-жек және басқа да түрлер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#күн саны #Дерек #аналитика #шолу #Апта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жасөспірімдер арасында көркем жүзуден ҚР чемпионаты аяқталды

Бүгін 20:27

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18

“Айс Мұратова” ісі: Үш жүзге жуық адамды сан соқтырған алаяқ 12 жылға сотталды

Бүгін 13:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);