Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Күн саны: аптаның айрықша көрсеткіштері

Күн саны: аптаның айрықша көрсеткіштері

Мұны білген жөн 14.08.2025, 12:05 483
Күн саны: аптаның айрықша көрсеткіштері
Жасанды интеллект

Аqshamnews.kz редакциясы "Күн саны" айдарында аптаның ең маңызды деректеріне шолу жасады. 

Биыл 4,1 миллион оқушы мектепке барады

Қазір елімізде 8 мыңнан аса мектеп жұмыс істейді. 1 қыркүйекте мектепке 4,1 миллион оқушы барады, оның ішінде 341 мыңы - бірінші сыныпқа қабылданған оқушылар, 232 мыңы - 11-сынып оқитындар.

Day of AI курсы іске қосылады

Жаңа оқу жылынан бастап білім беру үдерісіне ЖИ элементтері кезең-кезеңімен енгізіледі. Атап айтқанда, 2025-2026 оқу жылында ЖИ интеграциясы "Цифрлық сауаттылық" және "Информатика" пәндерінен басталады. Бұл бағытта орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектті қолданудың этикалық стандарттары бекітілді. Оқушылар үшін Day of AI онлайн курстары, ал педагогтар үшін үш деңгейлі біліктілікті арттыру курстары дайындалды.

Биыл 93 мыңнан аса студент грант алды

Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 16 мамырдан 10 шілдеге дейін 46 өңірлік тестілеу орталықтарының базасында өткізілгенін хабарлады. Оған 210,2 мыңнан астам талапкер қатысты, олардың 76,35%-ы (160,5 мың адам) шекті көрсеткішінен асыра балл жинады. ҰБТ-ның орташа нәтижесі 69,42 балл болды.

"2025 жылы мемлекеттік білім гранттарының конкурсына 113 мыңға жуық өтінім берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға артық. Биыл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 93 232 грант бөлінді, оның ішінде 77 084 грант жоғары білім алуы үшін бөлінді. Конкурс қорытындысы бойынша гранттар 99% көлемінде игерілді",  — деді министр.

Президент тапсырмасы бойынша биыл 29 жатақхана салу жоспарланған

Мемлекет басшысының студенттерді баспанамен қамту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде 2025 жылы 10 439 орындық 29 жатақхананы іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады. Олардың ішінде ЖОО студенттеріне 8 325 орындық 20 жатақхана, колледж студенттеріне 2 114 орындық 9 жатақхана арналған.

Бүгінгі таңда 3 528 орындық 4 жатақхана пайдалануға берілді. Олар – Түркістан қаласында 652 орындық 2 жатақхана, Астана қаласында 2 876 орындық 2 жатақхана.

Оқу жылының басына дейін 4 228 орындық 19 жатақхана ашылады деп күтілуде. Олар – Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Алматы, Ақмола, Қостанай, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары.

 Одан бөлек, 2025 жылдың соңына дейін 2 683 орындық 6 жатақхана іске қосылмақ. Оның ішінде 5 жатақхана Алматы қаласында және 1 жатақхана Астана қаласында.

Биыл 7 айда Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,3% болды
 
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар–шілде айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,3%-ға өскен.

Тауар өндіру көлемі 8,3%-ға, қызметтер 5,2%-ға (бұл ретте ең қарқынды сегмент көлік пен сауда болып отыр), өнеркәсіп 6,9%-ға артты.

ЖІӨ-нің өсуіне ең көп үлес қосқан салалар: көлік және қойма – 22,5%, құрылыс – 18,5%, көтерме және бөлшек сауда – 8,6%, тау-кен өнеркәсібі – 8,5%, өңдеу өнеркәсібі – 6,1%.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Апта #күн саны #Дерек #шолу #аналитика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика