AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Күн райы бұдан кейін жыли береді - БҰҰ

Күн райы бұдан кейін жыли береді - БҰҰ

Әлем 19.07.2023, 07:49 1,061
Күн райы бұдан кейін жыли береді - БҰҰ
Сурет: Aussiedlerbote.de

Ыстықтың беті қайтпай тұр. Оңтүстік Еуропа өз тарихындағы ең ыстық аптаны бастан өткеріп жатыр.


Аптап ыстықтан Солтүстік Азия мен Солтүстік Америка да зардап шегіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Оңтүстік Еуропа бұрын-соңды болмаған ыстық күннің астында қалды. Испанияда термометр бағаны таңның өзінде 30 Цельсий градусынан асса, түсте 40-тан жоғары болады. Ыстықтың беті қайтпай тұрғанына бірнеше күн болды.



«Өте қиын, себебі сен өзіңді ыстықтан қорғай алмайсың. Суықта жылы жерге тығыла аласың, ал ыстықта қолыңнан ештеңе келмейді», - дейді тұрғындардың бірі.



Испанияның бірнеше өңірі экстремал температураға дайындалып отыр.



Экстремал ауа райы мен климат бойынша маман Джон Нэрн былай дейді:


«Жаһандық температура қазір бұрынғыдан, 1980 жылдардағы Эль-Ниньоға қарағанда жоғары. Яғни, жаһандық үрдіс өсіп келе жатыр. Сол себепті, біз «бәрі дұрыс» деп айта аламыз ба – білмеймін. Күн райы бұдан кейін жыли береді».



Италия «Харон» антициклоны салдарынан метеобақылау тарихындағы ең ыстық аптаны бастап өткеріп жатыр. Аппенниннің ондаған қаласында, оның ішінде астанасы Римде жылу қаупінің қызыл дәрежесі енгізілді.


Дүниежүзілік метеорология ұйымы Еуропада жаңа температуралық рекорд тіркеліп, ыстық 48,8 Цельсий градустан асады деп болжап отыр.


Өте жоғары температуралар Еуропамен қатар, Солтүстік Америка және Солтүстік Азияда да тіркеліп жатыр. Токиода термометр бағаны 37 Цельсий градустан асты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аптап ыстық #ауа райы #БҰҰ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды жоғары оқу орындары ректорларымен және ғылыми институт жетекшілерімен кездесті

Бүгін 01:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді

Бүгін 22:45

Қазақстан-Германия бизнес форумында маңызды келісімдер жасалды

Бүгін 22:30

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 21:15

Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясы

Бүгін 21:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);