Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Күміс жас» жобасы бойынша 15,1 мыңнан астам адам...

«Күміс жас» жобасы бойынша 15,1 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды

Әлеумет 26.12.2023, 05:09 1,288
«Күміс жас» жобасы бойынша 15,1 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды
Сурет: Gov.kz

2023 жылдың басынан бері 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 15 148 адам «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы осы бағыт бойынша барлығы 14 295 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған болатын.


50 жастан асқан және зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтар аталған жобаға қатыса алады. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.


«Күміс жас» жобасын қаржыландыруды еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушінің жоба шеңберінде жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру жолымен жүзеге асырады.


Субсидиялардың мөлшері жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70 %-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65 %-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60 %-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды.


«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге сондай-ақ зейнеталды жастағы азаматты зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыспен қамтуға міндетті.


«Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Түркістан (2103 адам), Алматы (1098 адам), Қарағанды (1092 адам) және Ақтөбе (1056 адам) облыстарында байқалады.


Қазақстандықтардың көбі жобаға оң бағасын беруде.



«Менің жасым 57-де, инженер мамандығын игергенмін. Жұмыссыз болғандықтан мансап орталығының көмегіне жүгіндім. Онда жұмысқа орналасудың бірнеше нұсқалары ұсынылды, соның ішінде «Күміс жас» жобасы да болды. Мен «ДЕДАЛ» ЖШС оқу орталығында алғашқы қысқа мерзімді оқудан өттім, содан кейін сол фирмаға арнайы киім тігуші болып жұмысқа орналастым», – деді қарағандылық Владимир Ким.



Жобаға қатысушының айтуынша, «Күміс жас» жобасы оған өзін сұранысқа ие жұмысшы ретінде сезінуге мүмкіндік берді.


Бүгінгі күнде Қарағанды облысында «Күміс жас» жобасы бойынша 1092 адам жұмыспен қамтылып, оның 82-сі тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Күміс жас #Ұлттық жоба #жұмысқа орналастару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика