AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / КҚК құбыр жүйесін дамыту барысы талқыланды

КҚК құбыр жүйесін дамыту барысы талқыланды

Әлеумет 16.02.2023, 14:33 1,041
КҚК құбыр жүйесін дамыту барысы талқыланды
Сурет: Primeminister.kz

Жөндеу жұмыстары сәтті аяқталып, бүгінде барлық шектеулер алынып тасталды


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен КҚК бас директоры Николай Горбань Каспий Құбыр консорциумының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Премьер-Министрдің назарына компанияның 2022 жылғы өндірістік қызметінің қорытындылары, ағымдағы жұмысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы ақпарат ұсынылды.


Әлихан Смайылов КҚК Қазақстанның мұнай өнеркәсібінде маңызды рөл атқаратындықтан, оның тұрақты жұмысы Үкіметтің ұдайы назарында екенін атап өтті.



«Өткен жылы теңіз терминалында айлақ құрылғыларының бұзылуына байланысты КҚК қызметінде шектеулер орын алды. Жөндеу жұмыстары сәтті аяқталып, бүгінде барлық шектеулер алынып тасталды. Сонымен қатар алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін барлық тиісті шараларды қабылдау қажет», — деді Әлихан Смайылов.



Үкімет басшысының пікірінше, құбырдың өткізу қабілетін арттыру – маңызды мәселе, бұл Қазақстаннан мұнайдың қосымша көлемін тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Өз кезегінде Николай Горбань КҚК мұнай құбырының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және қолданыстағы жабдықтардың сенімділігін арттыру үшін барлық қажетті шаралар іске асырылатынын атап өтті. Сонымен қатар Тар жерлерді жою бағдарламасын табысты іске асыру нәтижесінде 2022 жылдың соңында құбыр жүйесінің өткізу қабілеті Қазақстан аумағынан жылына шамамен 72,5 млн тоннаға дейін мұнай тасымалдауға мүмкіндік берді. 


Кездесу қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов ҚР Үкіметі барлық мәселелерді одан әрі пысықтауға дайын екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#КҚК #құбыр #мұнай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала күні: «Әнім сенсің, Алматы!» атты мерекелік концерті өтті

Бүгін 20:06

ҮШІНШІ АЛТЫН! ЖОЛАМАН БИГАБЫЛ КАРАТЭДЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Бүгін 17:46

ALMA-FEST CIRCUS – Алматы күніне арналған үш күндік цирк мерекесі

Бүгін 17:42

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ҚАЗАҚСТАНҒА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ АЛТЫНЫН ӘКЕЛДІ

Бүгін 15:30

РИНАТА СҰЛТАНОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ ӘКЕЛДІ

Бүгін 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);