Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Көздің көруін нашарлататын 5 себеп

Көздің көруін нашарлататын 5 себеп

Медицина 19.11.2021, 11:47 4,200
Көздің көруін нашарлататын 5 себеп
Сурет: Оchkov.net

Көздің нашар көруіне тек гаджеттер ғана кінәлі ме?


Қазір көпшіліктің арасында заманауи гаждеттер көздің нашарлауына себеп болады деген пікір тараған. Офтальмолог дәрігерлердің айтуынша, көздің «қырағылығын» төмендететін гаджеттен басқа да себептер бар екен.



  1. Қан тамырлары ауруы


Артық салмақ, тұқым қуалаушылық, жаман әдеттер (никотин және алкоголь) сияқты факторлар жалпы қантамырлар жүйесіне әсер етеді және көру қабілетінің бұзылу қаупін арттыруы мүмкін.


Мысалы, гипертония артериялар мен тамырларға, соның ішінде көру органындағы тамырға зақым келтіруі мүмкін. Мұндай мәселенің бары көз түбін зерттеу кезінде анықталады.


 



  1. Инфекциялардан туындаған аурулар


Жұқпалы аурулар, мысалы:


герпес;


паразиттік инфекциялар (токсполазмоз, дирофилярия, трихиноз және т.б.);


мерез;


туберкулез;


АҚТҚ инфекциясы және т.б.


Инфекциялардың симптомдары әр кезде әр түрлі болады, кейде науқас ауырып тұрғанын білмей қалады да диагноз кездейсоқ қойылады.  Ал ауруына шағымданған адамдар көздің қызаруы, көру функцияларының айтарлықтай төмендеуі және көздің қышуы деген белгілерді атайды. Кез келген жағдайда офтальмологтың кеңесі қажет, өйткені кез келген инфекцияның ақыры ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.



  1. Қант диабеті


Бұл көру органын бірінші зақымдайтын ауру, көбінесе офтальмолог қант диабетінің бар екенін анықтайды, ал пациенттің өзі ол туралы әлі білмеуі де мүмкін. Диабеттік ретинопатия (көз торлы қабығының зақымдалуы) көз түбін тексеру кезінде анықталады. Қант диабетіне шалдыққан кезде көздің торлы қабығы мен қан тамырлары зақымданады. Қант диабетінің кесірінен торлы қабық ісініп, қатпарланып, көзді шел басып, соңы су қараңғылыққа соқтыруы ықтимал. Мұндай жағдайда эндокринолог пен офтальмологтың тұрақты бақылауы қажет. Дегенмен, қант диабетімен ауыратындардың барлығында бірдей көру органын зақымдана бермейтінін ескерген жөн.


 



  1. Аутоиммунды патология


Науқастың иммундық жүйесіндегі «қателіктен» туындаған аурулардың кесірінен сау жасушаларға зақым келеді. Дененің мүшелері мен тіндері, соның ішінде көз де аутоиммунды аурудан зардап шегеді. Ондай ауруларға мыналар жатады:


псориазды артрит;


ревматоидты артрит;


Шегрен синдромы және т.б.


Шашыраңқы склероз да көз ауруын тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда көз қозғалтқанда ауырсынады, көру қабілеті уақытша төмендейді.


 



  1. Неврологиялық аурулар


Адам ағзасының бәрі бір-бірімен байланысты. Көз бен мидың байланысы әсіресе жақын. Сондықтан бірқатар неврологиялық аурулар көз бұлшықеттерінің қозғалмай қалуы, қосарлану, басыр сияқты көру қызметіне жиі әсер етеді. Бұл аурулардың  кесірінен ми құрылымдарының зақымдалуын болдырмау үшін невропатологпен кеңесуді кейінге қалдырмау керек.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көз #ауру #гаджет #иммунитет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика