конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Көшпенділер ойындарына 45 күн қалды

Көшпенділер ойындарына 45 күн қалды

Спорт 25.07.2024, 22:30 1,105 yakiya
Көшпенділер ойындарына 45 күн қалды
Ұйымдастыру комитеті

Ұйымдастыру комитеті Көшпенділер ойындарында делегация орналасатын қонақ үйлер жұмысымен таныстырды.

Бүгін, 25 шілде күні 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция Ойындарға келетін делагацияларды орналастыру және Ойындар кезінде қонақ үйлер қызметін жүйелеу бағыты бойынша атқарылған жұмыстар барысымен таныстырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Дирекция басшысы Наиль Нұров ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевқа Holiday Inn Express Astana-Turan қонақ үйіндегі жұмыстарды таныстырумен бастады. Жұмыс тобы қонақ үйге кіретін бағыттардан бастап, көшедегі навигация көрсетілімі, көліктер мен автобустарды Ойындар стилінде безендіру, қонақ үйлердегі волонтерлар қызметін, қонақ үйде Делегация мүшелері орналасатын бөлмелер мен ас мәзірімен (таңғы, түскі, кешкі ас) таныстырды. Арнайы штаб қонақ үй мәселесімен танысқан соң, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайына аттанды.

Штаб мүшелері Жекпе-жек сарайындағы жиынды автотұрақ алаңының жұмысымен танысудан бастады. Жауапты мамандар объектіге кіруді басқару және бақылау жүйесін, билеттерді тексеру қызметін, аккредитация (бейдж) мен билеттердегі QR кодтар арқылы көрермендерді кіргізу жұмыстарының қалай жүргізілетінін пысықтады.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дүниежүзілік көшпенділер ойындары #делегация #дайындық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы экобекеттерінде жыл басынан бері көлік шығарындыларының белгіленген нормадан асқан 13 мыңнан астам жағдайы анықталды

Бүгін 17:01

Алматы педагогі «Ұстаз мәртебесі – Ұлт мерейі» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Бүгін 16:55

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтуде

Бүгін 16:29

Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасуда

Бүгін 16:16

Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама дайындалды

Бүгін 15:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);