AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / «Көшпенділер даласы»

«Көшпенділер даласы»

Не? Қайда? Қашан? 27.09.2024, 17:15 1,101 Nursok82
«Көшпенділер даласы»
Сурет: Inform.kz

Алматыда тазылар қатысатын Халықаралық көрме өтеді

2024 жылғы 28-29 қыркүйекте Алматыда «Аврора кубогы» және «Көшпенділер даласы» атты барлық ит тұқымдары қатысатын екі көрме өтеді. Іс-шараны «Аврора» кинологиялық клубы ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Халықаралық көрмеге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден барлығы 500-ден астам ит қатысады. Елуден астам ит тұқымы Қазақстан чемпионы және Халықаралық әсемдік чемпионы атақтарын сарапқа салады. Оған Нидерланд, Словакия, Грекия және Қытайдан келген халықаралық сарапшылар төрелік етеді.

Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) көрмелерінің тарихында тұңғыш рет «қазақ тазысы» тұқымы 10-шы асыл тұқымды тазылар тобында ресми түрде жұртшылық назарына ұсынылады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 3 қыркүйекте Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) қазақ тазысын ресми түрде әдепкі тану туралы шешім шығарып, Қазақстанға осы тұқым стандартының иесі мәртебесін берді. Бұл жетістікке ҚР Президенті Іс басқармасының қамқорлығымен Қазақстан кинологтары одағының қажырлы еңбегінің және күш-жігерінің, сондай-ақ бірегей тұқымды сақтауға, дамытуға және танымал етуге орасан зор үлес қосқан көптеген кинологтардың, селекционерлердің, итбегілер мен әуесқой азаматтардың арқасында қол жеткізілді. Сөйтіп, осы күннен бастап қазақ тазысы FCI ресми мойындаған басқа ит тұқымдарымен тең дәрежеде әлемнің кез келген елінде чемпион атағы үшін жарысқа қатысу, рингке шығу құқын иеленді.
«Көшпенділер даласы» халықаралық иттер көрмесінде қазақ тазысы рингіндегі экспоненттерге Халықаралық кинологиялық федерацияның вице-президенті Жерард Йиппинг (Jerard Jipping) баға беретін болады.

Сонымен қатар, «Көшпенділер даласы» халықаралық көрмесі аясында қазақ тазысы тұқымының көрмесі өтеді, онда экспоненттер асыл тұқымды иттердің ресми стандартына сәйкес бағаланады және чемпиондық атақты өзара сарапқа салады.
Иттер көрмесі қарсаңында «Аврора» кинологиялық клубы Marwin шығармашылық әлемінің қолдауымен 6-15 жас аралығындағы балалар қатысқан «Көшпенді және ит» суретшілер байқауын өткізді. Қатысушылардың барлық туындылары 28 және 29 қыркүйектегі көрмеде жұртшылық назарына ұсынылады. Көрмелердің алғашқы күні, яғни 28 қыркүйекте келушілер өздеріне ұнаған суретке дауыс беріп, көрермендер көзайымы сыйлығына лайық туындыны анықтайды. Жеңімпаздар 29 қыркүйекте иттер көрмесінің ашылуы қарсаңында марапаталады. Ал байқауда жеңіске жеткен туынды бүкіл көрменің жеңімпазына естелік сыйлық ретінде тапсырылады.

Барлық иттер тұқымының ұлттық көрмесі – 28.09.2024 ж. Басталуы 09:00-де.

«Қазақ тазысы» монотұқымды көрмесі – 29.09.2024 ж. Басталуы 09:00-де.

Барлық иттер тұқымының халықаралық көрмесі – 29.09.2024 ж. Басталуы 09:00.

Өтетін орны: «Тұлпар» ат спорты кешені (Алматы қ. Жансүгіров көшесі, 262/2).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тазы #Көрме #Көшпенділер даласы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);