Қосымша білім беру жұмысы тек үйірмелер мен секцияларемес. Бұл баланың ең жақсы қасиеттерін анықтауға және сапалы дамуға жаңа серпін беруге мүмкіндік беретін бағдарламалар жиынтығы десек болады. Қазақстанда оқу-сауықтыру орталығы базасында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнінде қазақ тілді әдістемелік құрал жарық көрді. Толық ақпарат алу үшін біз басылымның авторы – "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығының директоры Жарқынай Биболатқызына жүгіндік.
Заманауи балалар оқу-сауықтыру орталықтары қосымшабілім беру жүйесінде ерекше рөл атқарады. Олар жақсы демалу,балалардың денсаулығын қалпына келтіру мәселелерін тиімді шешіп, сонымен қатар баланың шығармашылық, зияткерлік дамуына ықпал етеді және оқу-тәрбие процесін тәжірибеде жүзеге асырады.
«Қазақстандық оқушыларды жан-жақты оқыту және дамыту үшін қолайлы жағдай жасау – біздің ортақ міндетіміз» - деп мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атапкеткендей, «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы - қазіргі таңда жасөспірімдердің демалысын, сауығуын сапалы ұйымдастырып, шығармашылық дамуларына жан-жақты жағдай жасайтыналдынғы қатардағы ерекше маңызды орталықтардың бірі.
Орталықтың негізгі бағыты – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ете отырып, ұлттық руханиқұндылықтарға, салт-дәстүрге, білімге негізделген тәрбие берумен айналысу, аз ғана уақытта баланың бойына рухани құндылықтарды жан-жақты дәріптей отырып, білім мен достыққарым-қатынасты, құрмет пен сенім, сонымен қатаркөшбасшылық, шешендік өнер, сыни ойлау, спорттық, зияткерлік қабілеттерін дамыту. «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы уақытша білім ортасына келген баланың тұлғалық әлеуметтену барысында оның шығармашылық қабілетінің, мәдениетінің өсуіне, өзін өзі тануы мен патриоттық сезімінің қалыптасуына, азаматтық белсенділігін арттыруына үлкен үлесқосады»- дейді "Балдәурен" орталығының директоры Жарқынай Биболатқызы.
Жарқынай Биболатқызы өзінің жеке және кәсіби тәжірибесіне сүйене отырып, қала сыртындағы балалар оқу-сауықтыру орталығында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру туралымемлекеттік тілде әдістемелік құрал дайындап шығарды. "Балдәурен" орталығының мамандары бұл әдістеме қосымша білім беру жүйесіндегі жас бастаушы педагогтар үшін ғана емес, білім беру жүйесінде көп жылдық тәжірибесі бар мамандар үшінде құнды әдебиет екенін атап өтті.
«Қазіргі қоғамның міндеттерінің бірі – жасөспірімдерді күнделікті шынайы өмірдегі өзгерістерге тез бейімдеу, өмірге икемдеу. Осы орайда ұсынылып отырған бағдарлама жиынтығының мақсаты – қазақстанның түкпір-түкпірінен келген менталитеті мен әлеуметтік жағдайы әртүрлі балалардың басын қосып, жаңа әлеуметтік қарым-қатынастарға ену мен әлеуметтік рөлдерді өзгерте білу арқылы оларды бір бағытта жұмылдыра отырып, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына әлеуметтік сауаттылық, кәсібі ұтқырлық, тез шешім қабылдау, шығармашылық белсенділік, психологиялық және жоғарыэмоционалдық интеллект сияқты дағдыларды жетілдіру», - деп Жарқынай Биболатовна атап өтті.
"Балдәурен" орталығының педагогтары ортақ мақсатқа қолжеткізу үшін күн тәртібінен бастап және баланың өз пікірін қалыптастыруға әсер ететін барлық іс-шаралар барысында оң қарым-қатынасты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Балалар қысқа мерзімде жағымды қарым-қатынасқа түседі және барлық іс-шараларға жұмылдырылып, қысқа мерзімде адал және мызғымас дос табады, қажетті, сүйікті ісімен айналыса бастайды. Өз тобымен бірге бір мақсатқа ұмтылу арқылы жетістікке жету жолындағы кедергілерден өтіп, жетістікке жетеді, жауапкершілікті сезінеді, осылай көшбасшылық қабілеттері анықталады. Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысына қатыса отырып, жасөспірім өзінің саяси көзқарастарын білдіріп қана қоймай, өзін көшбасшы ретінде де көрсете алады. Өзіне азамат ретінде баға беріп, орталықта өткен барлық іс-шараларға қатысуға мүмкіндік алады. Өз ойын анық білдіруді, өз көзқарасын аргументтеуді үйреніп, көпшілік алдында тиімді сөз сөйлеу дағдысын қалыптастырады. Осылай, балалар қоғамдық әрекеттер барысында өз мүмкіндіктерін байқайды, өздерін тұлғаретінде көрсетіп, қоғам өміріне араласуды, шынайы өмірді тануға мүмкіндік алады. «Оқуға құштар Балдаурен», «Дебатқозғалыстары», «Мектеп парламенті», «Балалар және театр» сияқты жобалармен қатар кәсіптік бағдар беру, рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық тәрбие жұмыстары, еңбек және дене тәрбиесі жақсы жолға қойылған.
Бағдарлама балалардың болашақ дағдыларын игеруге, олардыңжеке шығармашылық қабілеттерін, тұлғалық және кәсібидамудағы жеке көзқарастары мен стратегияларын құрудағырөлін түсінуге ықпал етері анық.
«Жылдар бойы «Балдауренде» өткізілген шараларға қарап, жанашыр, пікірлес, шығармашыл ұжымның қаншама ауқымдыжұмысты атқарғанын білуге болады. Орталықта қалыптасқанүлкен тәжірибемен бөлісу мақсатында осы жинақтар жинақталды. Бұл жинақтар кешені қосымша білім беретін ұйымдарға, түрлі оқу-сауықтыру орталықтарына, болашақ педагог мамандарға білім беру үшін таптырмас құрал бола аладыдеп санаймыз. Бұл бағыттағы шығармашылық жұмыс барысы барлық білім беру мекемелеріне өзіндік көмегін тигізер деп сенеміз»,- деп атап өтті орталық директоры.