AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Коронавируспен он ай ауырған қыз

Коронавируспен он ай ауырған қыз

Әлем 09.07.2021, 10:52 2,046
Коронавируспен он ай ауырған қыз
Сурет: Kt.kz

Англияның Слифорд қаласының тұрғыны, 2020 жылы қыркүйекте COVID-19-бен ауырған қыз он айдан бері аурудың зардабын тартып келе жатқанын айтты. 



Лилиана Джексон ауырғанға дейін салауатты өмір салтын ұстанған, жүзумен айналысқан. 2020 жылдың қыркүйегінде қыз өзін нашар сезініп, жаңа коронавирустық инфекцияға тест тапсырып, нәтижесі оң болған,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.





«Мен қорыққан жоқпын, бір-екі апта ғана ауыратын шығармын деп ойладым. Мұның сонша уақытқа созылатынын кім білген», - деп еске алады Джексон.




Алайда, бір аптадан кейін Лилиананың қызуы көтеріліп, бүкіл денесінде бөртпе пайда болуына байланысты ауруханаға түседі. Дәрігерлер оған сауығып кете салысымен бәрі жойылатынын айтып, көп ұзамай ауруханадан шығарған. Бірақ олардың болжамдары дұрыс болмай, қыздың үнемі кеуде тұсы ауырып, ентігіп, әлсіздік сезінетін. Жан төзгісіз невралгиялық ауруына байланысты ол қысқы демалыста қайтадан ауруханаға түседі.



Қазіргі кезде Лилиана он айдан бері аурудың азабын тартып жүр және дәрігерлер оның шағымдарын дұрыс қабылдамайды деп қатты уайымдайды. 



Дәрігерлер оған және оның анасына жасөспірімдерде «ұзақ КОВИД» болмайтынын бірнеше рет айтқан. «Бұл жағдайдағы ең жаман нәрсе осы шығар, өйткені бізге ешкім бізді тыңдамайтын сияқты көрінеді», - деп шағымданды Лилиананың анасы. 



Сайып келгенде, Джексон әлеуметтік желіде қолдаушылар тауып, «ұзақ мерзімді COVID»-тен емделуге клиникаға жатады. Алайда симптомдары әлі де толық жойылмаған, бұл оның емтихандарға дайындалуын қиындатып отыр. 




«Аурудың кесірінен ойымды дұрыс тұжырымдау және сауатты жазып жеткізу үшін көп күш жұмсауым керек», - дейді британдық қыз. Ол өзі сияқты жағдайға тап болмас үшін құрбыларын пандемия кезінде денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға шақырды.




«Ұзақ COVID» - бұл ұзақ және ауыр өтетін коронавирустық жаңа инфекцияның түрі. Бұл терминді Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметі (NHS) ресми түрде мойындады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кви #ұзақ ковид #лента ру #Лилиана #Джексон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда халықаралық New Vision Forum 2026 форумы өтеді

Бүгін 12:25

Алматыда пайдаланылған батареяларды жинауға арналған пилоттық жоба іске қосылды

Бүгін 12:07

«Аналитикалық ойлауды дамыту»: Алматыда «Аналитика мектебі» білім беру жобасының үшінші аптасы өтті

Бүгін 12:03

Алматыдағы қасбеттерді жаңғырту: тарихи келбетті сақтап, қалалық ортаны жаңарту

Бүгін 12:01

Алматыда монша кешендеріне арналған экологиялық талаптар талқыланды

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);