Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Коронавируспен ауырған науқастар эмоционалды қиынд...

Коронавируспен ауырған науқастар эмоционалды қиындықтарға ұшырауы мүмкін

Медицина 23.09.2021, 09:38 1,693
Коронавируспен ауырған науқастар эмоционалды қиындықтарға ұшырауы мүмкін
Сурет: Inform.kz

Алматылық реабилитолог коронавирустан кейін денсаулықты күтудің тиімді әдістерін айтты


Коронавируспен ауырған науқастар эмоционалды қиындықтарға ұшырауы мүмкін. Бұл туралы Алматы қалалық №4 қалалық емханасының реабилитологы Айгүл Солтанбек айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


Айгүл Солтанбектің айтуынша, аурудың алдын алу өте маңызды және бұл үшін маска режимін сақтау қажет. Азаматтар халық көп жиналатын жерлерде маска киіп, оларды дұрыс киюді әдетке айналдыруы қажет. Сонымен қатар, ол ауруға шалдыққандардың барлығы оңалтудан өтулері тиіс екенін тілге тиек етті. Тіпті, дерт жеңіл өтсе де.


«Жалпы алғанда, әр науқас сауығып кетуі мүмкін, бұл үкім емес. Біз коронавирустың өкпе мен жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер ететінін жиі байқаймыз. Сондықтан оңалту емделу кезеңінде басталады және шығарылғаннан кейін жалғасады – емханада немесе үйде. Оңалтудың қарсы көрсетілімдері бар, сондықтан әр науқас үшін нақты шараларды емдеуші дәрігер анықтайды. Сіз ауыр науқастан кейін де сауығып кете аласыз», - деді дәрігер.


Айгүл Солтанбек науқастардың өкпесі 10% ғана зақымдалғанымен, дерттің ауыр болуы мүмкін екенін атап өтті.



«Дәрігерлер өкпенің зақымдану дәрежесіне емес, ағзаның резервіне назар аударады. Біз өкпенің ғана емес, басқа мүшелер мен жүйелердің зақымдалуын да емдейміз», - деп толықтырды реабилитолог.



Коронавирус инфекциясынан кейін науқастарда пневмосклероз мен өкпе фиброзы қаупі жоғары болады.



«Біздің емхана емделудің үшінші кезеңімен айналысады, бұл өкпенің қалпына келу кезеңі. Сау күйде олар серпінді және дем алатын болуы керек, ал фиброз кезінде тыртықтар пайда болады, сондықтан реабилитолог дәрігерлер жеке ем тағайындайды», - деді ол.



Өкпенің жұмысын жақсарту және қандағы оттегінің қанықтылығын көтеру үшін емханада тыныс алу кешендері мен денешынықтырудың арнайы бағдарламалары жасалды. Реабилитолог дәрігер Алматы тұрғындарын вакцина алуға шақырды.



«Вакциналанған адамның ауруы әлдеқайда жеңіл. Мұндай науқастардың иммундық жүйесі жұмылуға қабілетті және тезірек сауығуға ықпал етеді. Вакциналар иммунитетті төмендетпейтінін, керісінше оны көтеретінін білген жөн. В тобындағы витаминдер мен аминқышқылдар да денені қалпына келтіруге көмектеседі», - деді спикер.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Реабелитолог кеңесі #коронавирус #алдын алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Махаббат - мәңгі ертегі": әуен мен сезім үндескен кеш

Бүгін 22:32

Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр

Бүгін 21:43

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика