ffin.kz

Көпқабатты үйлерде өрт сөндіруші көліктің қозғалысын қиындататын кедергілер көп

Көпқабатты үйлерде өрт сөндіруші көліктің қозғалысын қиындататын кедергілер көп Сурет: ашық дереккөз

Қала агломерациясының өсуі, халық санының көбеюі, көпқабатты үйлердің салынуы өрт қауіпсіздігі мәселесін өзекті ете түседі.


Осы орайда елордалық Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы өрт сөндіру кезіндегі кедергілер мен қиындықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Спикердің айтуынша, жалпы өрт сөндіру барысында оқиға орнына жету, жолдың ашылмауы, су көздерінің тапшылығы секілді кедергілер туындайды.


«Бүгінгі таңда қала аумағында өрттерден қорғау үшін 12 өрт сөндіру бөлімі қызмет атқарады. Нормаларға сәйкес, өрт сөндіру қызметінің шақыру орнына 10 минутқа дейін жетуі тиіс, алайда көп жағдайда аталған уақытқа уақытылы хабардың келмеуі, өрт орнына бара жатқан техникаға жол бермеу, өткізбеу секілді бірнеше фактор әсер етеді. Уақытылы келген өрт техникасы да көпқабатты үйлердің ауласына кіре алмай жатады», - деді Еркін Отарғалымұлы Астана қалалық коммуникациялар қызметінде.

Қолданыстағы өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес, өрт техникасына арналған жолдар әрқашан ашық және жарамды күйде ұсталуы керек. Бұл – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ажырамас бөлігі, деп жазды ҚазАқпарат.


«Бүгінгі таңда көпқабатты үй ауласына кіреберісте темірден, бетоннан кедергі қою жиіледі. Мұнда тұрғындар балалар қауіпсіздігін алға тартып, бөтен көлік кірмеу керегін айтады. Алайда бұл өрт қауіпсіздігі талаптарына қайшы келеді. Шлагбаумдарды қоюға шектеу жоқ, алайда аталған шлагбаумдарда міндетті түрде күзет болуы керек, тәулігіне 24 сағат жедел қызмет көліктерінің өтуіне жағдай жасауы шарт. Бұл ережелер – шақыруға келе жатқан өрт сөндірушілер немесе медицина қызметкерлерінің көмекке уақытылы жетуінің бірден-бір кепілі», - деді спикер.

Әсіресе 10 қабаттан жоғары тұрғын үйлердің екі жанынан бос жол қарастырылуы керек. Алайда көлік қоюға байланысты, арнайы мамандандырылған өрт техникасы кіре алмай жатады, кіргенде де адамдарды құтқару үшін техника қанатын жая алмайды.


«Тағы бір мәселе – тұрғындар құдықтар мен өрт гидранттарының үстіне көлік қойып тастайды, қыс мезгілінде мұздан, қардан тазаланбай қалады. Оларға баратын жолға арнайы белгі де қойылуы керек. Мұның барлығы өрт сөндіруге, адам өміріне араша түсуге келген құтқарушылардың жұмысына кедергі келтіреді. Аталған мәселелерді шешу үшін департамент тексерулер жүргізеді, ПИК, ОСИ басшыларымен, тұрғындармен жиын өткізіп, өрт техникасының өтуі проблоемасын көтереді», - деді Е. Отарғалымұлы.

Оның айтуынша, 2018 жылға дейін абаттандыру ережелеріне сәйкес, көпқабатты үйлердің аулаларында темір шлагбаумдарды, бетон блоктарды қоюға тыйым салынған болатын. 2018 жылы аталған ережеге өзгеріс енгізіліп, тармақ алынып тасталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04