AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Көппәтерді үйлерді басқару тәртібіне өзгеріс енгіз...

Көппәтерді үйлерді басқару тәртібіне өзгеріс енгізіледі

Заң мен тəртіп 23.06.2025, 13:06 980
Көппәтерді үйлерді басқару тәртібіне өзгеріс енгізіледі
Cурет: Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Жаңа үй салған құрылыс компаниясы уақытша басқарушы компанияны екі жылға дейінгі мерзімге тағайындай алады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Сенат депутаттары тұрғын үйлерді басқаруға қатысты заңды мақұлдады. Заңға сәйкес, кондоминиум объектісін басқарудың екі формасы ғана қалады. Олар: мүлік иелерінің бірлестігі және тікелей бірлескен басқару. Сосын тұрғын үйді басқарудың екі түрі - басқарушы компания және пәтер иелерінің кооперативі сақталады.

"Көппәтерлі үйлердің ортақ мүлкін тиісті жағдайда ұстау мақсатында заңда басқарушы компанияның уақытша басқаруды жүзеге асыра алатыны көзделеді. Уақытша басқару тұрғын үй иелері мүлік иелерінің бірлестігін құрмаған немесе басқару субъектісін таңдау туралы шешім қабылдамаған жағдайларда қолданылады", - дейді депутаттар.

Ал жаңа үй салған құрылыс компаниясы уақытша басқарушы компанияны екі жылға дейінгі мерзімге тағайындай алады.
Бұдан бөлек, заңда мүлік иелері бірлестігі төрағасының өкілеттік мерзімі бір жылдан үш жылға дейін ұзартылады. Сондай-ақ, төрағаға мүлікті басқару жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыру құқығы беріледі.

Тұрғындардың жиналыстарын өткізу тәртібіне де өзгеріс енгізіледі. Атап айтқанда, жазбаша сауалнама жүргізу немесе мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы электрондық дауыс беру арқылы сырттай форматтағы мүмкіндік болады.

Жергілікті мәслихаттар көппәтерлі тұрғын үйлердің пайдалану шығыстарына жарналардың ең аз мөлшерін айлық есептік көрсеткішпер есептеу жүйесін енгізе алады. Ал тұрғын үй инспекциясының құзыретін кеңейтіледі.
Айта кетері, бүгін сенат заңды бірден екі оқылымда мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пәтер #заң #депутат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Бүгін 18:15

Күзде қандай көкөніс пен жеміс жеген дұрыс?

Бүгін 15:10

Риновирус – суық тиюдің ең жиі кездесетін себептерінің бірі

Бүгін 14:10

Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?

Бүгін 12:32

Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді

Бүгін 12:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);