Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Конституцияның 30 жылдығына арналған коллекциялық...

Конституцияның 30 жылдығына арналған коллекциялық монеталар айналымға шығарылады

Әлеумет 15.08.2025, 12:12 581
Конституцияның 30 жылдығына арналған коллекциялық монеталар айналымға шығарылады
Ұлттық банк


1 000 теңгелік күміс монеталардың қашан сатуға шығарылатыны қосымша хабарланады

Ұлттық банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан Қазақстан конституциясына 30 жыл коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан конституциясына 30 жыл монеталары туралы
Қазақстан Конституциясының 30 жылдығы – еліміздің құқықтық мемлекет құру және демократиялық институттарды нығайту жолындағы тарихи тағдырын айшықтайтын айтулы дата. Ата Заң тәуелсіздіктің іргетасы, бірлік пен азаматтық келісімнің символы саналады.

 

Монеталарда ел Конституциясын айшықтайтын ашық кітап, ал оның үстінде Қазақстан картасының контуры фонында «30» саны бейнеленген. Қазақстан картасының дәл ортасына күнді бейнелейтін шаңырақ орналасқан. «30» санын бейнелеу ісінде алтын жалату технологиясы қолданылған. Монетаның ерекшелігі де сонда.

Монеталар:
алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана;

нибрасс/нейзильбер қоспаларынан (биколорлы) жасалған. Массасы 6,45 грамм, диаметрі 24,5 мм, дайындау сапасы – «uncirculated», номиналы 100 теңгелік, таралымы – 5 000 000 (бес миллион) дана.

Номиналы 1 000 теңгелік күміс монеталардың ҚҰБ интернет-дүкені арқылы қашан сатуға шығарылатыны ҚҰБ ресми сайтында қосымша хабарланады.

Номиналы 100 теңгелік биколорлы монеталар циркуляциялық монеталармен бірге Қазақстан Республикасының аумағында еркін айналымда болады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкіндегі банктік шоттарға есепке алынуға және аударым жасалуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Монета #Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13

Алматы дәрігерлері күрделі трихобезоарға сәтті ота жасады

Бүгін 16:48

Алдағы күндері Алматыда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:40

Тоқаев ҚМА төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Бүгін 16:15

Үкімет Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Бүгін 15:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика