AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көңіл көншітпейтін көрсеткіштер

Көңіл көншітпейтін көрсеткіштер

Әлеумет 22.12.2023, 05:24 929
Көңіл көншітпейтін көрсеткіштер
almaty-akshamy.kz

Көлік министрлігінің баспасөз хатшысы «Қостанай-Алматы» пойызында түсірілген бейнежазбаға қатысты пікір білдірді



Жанжігіт Омархан Facebook парақшасындағы жазбасында Көлік министрлігінің басшылығы бейнежазбаны қарап шығып, тексеру шараларын жедел жүргізуге бұйрық бергенін атап өтті.


Естеріңізге сала кетейік, блогер өзінің бейне хабарламасында теміржол вагондарының техникалық жағдайына ескерту жасап, туризм және көлік министрлерін пойызбен «жүріп өтуге» шақырған болатын.



Көлік министрлігінің өкілдері ең алдымен бейне жазбаның қаншалықты өзекті екендігін анықтады. Нәтижесінде жазба авторы 13-14 желтоқсан аралығында «Қостанай-Алматы» бағытында қатынайтын №43/44 жолаушылар пойызының №2 вагонымен жолға шыққаны белгілі болды.



Сондай-ақ зауыттық нөмірі 02/26210 вагон Astana trans group ЖШС жеке тасымалдаушысына тиесілі екені және 1989 жылы жасалғаны, сонымен бірге жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары маусым айында, ал екінші рет тексеру қысқы тасымалдауға дайындық кезінде, яғни қыркүйекте жүргізілгені анықталды.  


Тасымалдаушы компанияның өкілдері аталған рейстің жолаушылары жолсеріктерге немесе пойыз бастығына температураның қолайсыздығына байланысты шағымданбағанын айтады. Желтоқсанның 13-інен 14-іне қараған түні аймақта ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендеді. Оған қоса, бейнежазбада көрініп тұрғандай, автор үстіне жай ғана жеңіл футбол киіп, түсірілім жүргізген. Бұл да өз кезегінде вагондағы температураның қолайлы болғандығына меңзейді.


Ж.Омархан жолаушылар тасымалы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган еліміздегі жолаушылар вагондарының техникалық жай-күйі туралы хабардар екенін атап өтті.



«Жолаушылар вагондарының отандық паркінің техникалық жай-күйіне тоқталатын болсақ, министр Марат Қарабаев жыл көлемінде қазақстандық вагондардың орташа тозуы соңғы жылдары 45%-ға дейін төмендегенін айтып келеді. Әлбетте, бұл көңіл көншітпейтін көрсеткіштер. Сондықтан жаңа вагондарды сатып алу бойынша жұмыстар одан әрі жалғасып жатыр. Биыл 162 вагон сатып алынды. Қазіргі уақытта оның 88-і жеткізіліп, 2024 жылдың шілдесіне дейін тағы 62-сі жолаушылар тасымалына шығады деген жоспар бар. Келесі жылы Петропавл зауытынан шығатын тағы 157 жаңа вагон сатып алынбақ. Сонымен бірге осыдан бір жыл бұрын «Стадлер Қазақстан» ЖШС-мен 537 бірлік Stadler жолаушылар вагонын сатып алу жөнінде келісімшарт жасалды», – деп атап өтті баспасөз хатшысы.



Бейнежазба авторы сондай-ақ көлік министрін теміржол көлігімен жүріп өтуге шақырған екен. Бұл ретте министрлік өкілі өткен аптада Марат Кәрімжанұлы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында облыс орталығы Петропавл қаласына пойызбен барғанын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Жолаушы #поезд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);