AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қ...

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Саясат Бүгін 22:30 73
Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді
Сурет: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Минск қаласында «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты. Үкімет жетекшісі көрменің экспозициясымен, сондай-ақ ұсынылған өнеркәсіптік және технологиялық шешімдермен танысып, пленарлық отырыста сөз сөйледі.

Олжас Бектенов әлемдік экономиканың терең трансформациясы және жаһандық өндірістік тізбектердің жаңаруы жағдайында елдердің құзыреттерді, инвестициялар мен технологияларды біріктіру қабілеті айрықша мәнге ие екенін атап өтті.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған Қуатты әрі Озық Қазақстанды құру бағыты аясында ел экономикасы шикізаттық моделден қосылған құны жоғары өңдеу өндірістерін дамытуға жүйелі түрде бет бұрып келе жатқанына баса назар аударылды. Бүгінде олардың ел өнеркәсібіндегі үлесі 46,7%-ға жетті.

Премьер-министр өз сөзінде Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылған және инфрақұрылымды жаңартуға бағытталған ауқымды құрылыс бағдарламасын жүзеге асыру мәселесіне баса назар аударып, Қазақстанның бірлескен өндірістер құруға және жабдықтар шығаруды локализациялауға мүдделі екенін атап өтті.

«Қазақстан Президентінің бастамасы бойынша еліміздің инфрақұрылымын кең ауқымда жаңарту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Үкіметтің алдына тұрақты экономикалық өсім мен азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін қажетті инфрақұрылымдарды озық қарқынмен дамыту міндеті қойылды. 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспар аясында $90 млрд-тан астам сомаға жобаларды жүзеге асыру көзделген. Нақты айтқанда біз энергетика, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік нысандарды қамтитын үлкен құрылыс бағдарламасы туралы сөз етіп отырмыз. Бұл өнеркәсіп кооперациясын дамытуға, жаңа кәсіпорындар құруға және тұрақты өндірістік тізбектерді қалыптастыруға елеулі серпін береді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Цифрландыру контекстінде бүгінде Қазақстанда технологиялық инфрақұрылым дамып, өнеркәсіптік трансформация үшін толыққанды экожүйе қалыптасып жатқаны атап өтілді. IT-қызметтер экспортының көлемі қазірдің өзінде $1,1 млрд-тан асты. Alem.Cloud және AL Farabium суперкомпьютерлік кластерлерінің, Халықаралық Alem.ai жасанды интеллект орталығының болуы, сондай-ақ «ДӨО алқабы» жобасын салудың белсенді кезеңге өтуі өнеркәсіптік жасанды интеллектіні, кәсіпорындардың цифрлық сыңарын енгізуге және роботтандыруға мықты негіз қалыптастырады. Бұдан бөлек, Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дәйекті дамыту және негізгі транзиттік дәліздерді жаңғырту жүргізілуде, бұл жеткізу мерзімдерін қысқартуды қамтамасыз етеді және бүкіл Еуразияның өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін жеткізілімдердің экономикалық тиімділігін арттырады.

Пленарлық сессияға Беларусь Премьер-министрі Александр Турчин, Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустин, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев, сондай-ақ Никарагуа өкілі қатысты.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #құрылыс #өнеркәсіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04

Мемлекет басшысы General Atlantic төрағасы және бас директоры Уильям Фордты қабылдады

Бүгін 20:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);