конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / «Көлсай көлдері» ұлттық паркі өрттен дін аман

«Көлсай көлдері» ұлттық паркі өрттен дін аман

Мұны білген жөн Бүгін 16:17 39
«Көлсай көлдері» ұлттық паркі өрттен дін аман

Жыл басынан бері «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде бірде-бір орман өрті мен ағашты заңсыз кескен оқиға тіркелген жоқ. Өңірлік коммуникациялар қызметінде ұлттық парк директорының міндетін уақытша атқарушы Мақсат Әлімқұлов осылай деп мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Аумақты үнемі барлап, жаңа техникамен жабдықталып, туристер мен жергілікті тұрғындардың арасында жүргізілген профилактикалық жұмыстың арқасында парк басшылығы осындай нәтижеге қол жеткізіпті.

«Негізгі жұмысымыз өртпен күресу ғой. Біз өрттің салдарымен күрескеннен гөрі, оның алдын алуға бар күшімізді саламыз. Сондықтан профилактикаға, аумақты тұрақты бақылап, қызметкерлеріміздің дайындық деңгейіне үнемі көңіл бөліп, қадағалап отыруға тырысамыз», – дейді Мақсат Әлімқұлов.

Бүгінде ұлттық парк табиғи өртті сөндіруге қажетті техникамен толық қамтамасыз етілген. Орман қорын қорғау мақсатында биыл 20 шақырым минералдандырылған жолақ жаңартылып, 33,2 шақырым өртке қарсы алқаптарға күтім жасалыпты. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі ережесі жазылған 20 жаңа ақпараттық аншлаг та орнатылған.

Жыл басынан бері мемлекеттік инспекторлар 105 бірлескен рейд өткізді. Тексеру барысында орман заңнамасын бұзылған 31 оқиға анықталды. Әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 692 мың теңгені құрады.

«Рейдтер құқық бұзушылықты анықтап қана қоймай, олардың алдын алуға да мүмкіндік береді. Біз ерекше қорғалатын табиғи аумаққа келушілерге табиғат аясындағы тәртіптің жөн-жосығын үнемі түсіндіреміз, өйткені өрттің шығуына көбіне адамның өзі себеп болып жатады», – деді спикер.

Ормандағы жағдайды тәулік бойы 12 бақылау мұнарасы қадағалайды. Олар шамамен 47 мың гектар аумақты қамтып, өрт ошағын дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Мақсат Әлімқұловтың айтуынша, тұрақты мониторинг, замандық техникалық жарақтандыру мен инспекторлардың күнделікті жұмысының үйлесімі ұлттық паркті өрттен қорғауға сеп болған.

«Бұл алдын алу жұмысының тиімді жұмыс істеп жатқанын көрсетеді. Бұл жұмысты алдағы уақытта да жалғастырамыз», – деп толықтырды ол.

Ұлттық парк өкілдерінің мәліметінше, өрт қаупі жоғары маусым аяқталғанға дейін өрттің алдын алу шаралары үздіксіз жалғаса бермек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы орман өртінің алдын алу жүйесін күшейтті

Бүгін 16:58

Алматының Әуезов ауданында жыл басынан бері 1 500-ге жуық заңсыз маңдайша алынып тасталды

Бүгін 16:48

«Іле-Балқаш» резерватында 300 гектар аумақта өртке қарсы қорғаныс жолағы әзірленді

Бүгін 16:44

Шарын ұлттық паркінде өрт жиілейтін уақытта соғды шағаны тоғайын қорғау жағы күшейтілді

Бүгін 16:31

Шағын модульдік реакторлар Қазақстанның энергетикалық болашағын қалай өзгертеді?

Бүгін 16:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);