AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке а...

Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады

Әлеумет 14.12.2024, 13:10 843
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
Сурет: Aqshamnews.kz

Тәуелсіздік мерекесіне орай Алматы қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты №11 мекемесінің жеке құрамы қоғам белсендісі, Желтоқсан қатысушысы, «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Арип Қабылановпен жүздесті.

Арип Смайылұлы сонау 1986 жылғы желтоқсанда көзімен көрген оқиғаларымен бөлісіп, сол кезеңнің ащы шындығын әңгімелеп, қазақ жастарының азаматтығын айтып толғанды. Желтоқсан оқиғасының ақырында бабаларымыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізді, дегенмен, осы жолда талай боздақтың шейіт болғандығын атап өтті. Жастарды осынау егемендіктің қадірін білуге, отаншыл, патриот болуға шақырды.

№11 мекемесінде жазасын өтеп жатқан жасөспірімдер Тәуелсіздік күніне арналған өлеңдерін мәнерлеп оқыды.  Сондай-ақ, олардың назарына интерактивті тақтадан  Желтоқсан туралы слайдттар ұсынылды.

– Еліміздің егемендігін дәріптейтін, бойға қайрат, жүрекке рух беретін жан тебіретерлік жыр жолдары, желтоқсанның ызғарын бейнелейтін фильмдер жүректерге жол тапты деп ойлаймын. Тарихи маңызы зор бұл іс-шара бізде жазасын өтеп жатқан жастар үшін тәрбие. Біз өзімізге өмірі үлгі азаматтарды жиі шақыратынымыз да сондықтан. Әр баланы түзу жолға бағыттай білсек – ең үлкен жетістік сол болмақ, – деген      мекеме бастығы, әділет полковнигі Алмат Сүлейменов Желтоқсан қатысушысы Арип Қабылановқа мекеме ұжымы атынан алғыс білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#колония тәрбиеленушілері #Тәуелсіздік #арнау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала күніне орай халықаралық D Billions балалар шоуы Алматыда алғаш рет өнер көрсетеді

Бүгін 14:59

Қазақстанда ЖИ-ді дамыту жағдайында кадр даярлау жүйесінің жаңа моделі қалыптасуда

Бүгін 14:45

Қазақстан World Cleanup Day акциясына қосылады

Бүгін 14:36

Қазақстанда бағалардың маусымдық төмендеуі жалғасуда

Бүгін 14:31

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Бүгін 14:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);