AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Көлікті күн астында қалдырмаңыз: жүргізушіге 5 кең...

Көлікті күн астында қалдырмаңыз: жүргізушіге 5 кеңес

Мұны білген жөн 16.06.2025, 11:15 892
Көлікті күн астында қалдырмаңыз: жүргізушіге 5 кеңес
istockphoto.com

Жаздың шіліңгір ыстығы тек адамдарға емес, темір тұлпарларға да әсер етеді. Көліктің қатты қызып кетуі оның істен шығуына әкелуі мүмкін. Aqshamnews.kz тілшісі көлікті аптаптан қорғайтын бес кеңес ұсынады. 

1. Көлікті көлеңкеге немесе жабық тұраққа қойыңыз

Күннің астында көлік салонында температура 60-70 градусқа дейін жетуі мүмкін. "Қайнап" тұрған көлікке отыру мүмкін емес. Егер көлеңке таппасаңыз, алдыңғы терезеге шағылыстырғыш жапқыш (солнцезащитный экран - еск.) қойғаныңыз жөн. Бұл салон температурасын 10-15 градусқа дейін төмендетеді.

2. Салонды желдетіп алып отырыңыз

Көлікке отыра салысымен кондиционерді қосуға асықпаңыз. Алдымен есіктер мен терезелерді ашып, бірнеше минут желдетіңіз. Сонда кондиционерге де ауырлық түспейді. 

3. Кондиционерді дұрыс пайдаланыңыз

Кейбір жүргізушілер кондиционерді ең төменгі температураға қойып, кейін ауырып жатады. Денсаулыққа кері әсерін тигізбес үшін оны салондағы ауа температурасын баяу түсіру қажет. 

4. Көлікке арналған салқындатқыш құрал немесе желдеткіш қолданыңыз

Қазір көлік салонына арналған шағын желдеткіштер мен салқындатқыш құрылғылар бар. Олар жүргізушінің ыстығы басылғанша көмектесе алады. Тағы бір лайфхак - мұз салынған бөтелкені де еденге қойыңыз, бұл аптапта көмегін тигізеді. 

5. Жолға шығарда өзіңіз де, көлігіңіз де дайын болсын

Қатты ыстықта ұзақ жолға шығар алдында дөңгелек қысымын, қозғалтқыштағы су мен май деңгейін тексеріңіз. Сусыз жүрмеңіз. Қауіпсіздік үшін ыстықта көлік ішінде оттық, бензин құйылған пластик канистр, уайт-спирит сияқты еріткіштер, бояу немесе газ баллондарын әсіресе күн астында қалдырмаңыз.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #Аптап #Аптап ыстық #Кеңес #Жүргізуші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);