Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Көліктерге SOS батырмасын орнатуға асықпаңыз

Көліктерге SOS батырмасын орнатуға асықпаңыз

Керек кеңес 27.09.2023, 06:30 1,220
Көліктерге SOS батырмасын орнатуға асықпаңыз
alashainasy.kz

Көліктерге SOS батырмасын орнату талаптары 4 жылға алынып тасталды



2023 жылғы 26 қыркүйекте Мәскеуде өткен ЕЭК Кеңесінің отырысында Қазақстан отандық өндірушілер мен шетелдік автокөлік өндірушілерінің ресми дистрибьюторларының көлік құралдарын 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін жедел қызметтерді шақыруға арналған құрылғылармен немесе жүйелерімен (SOS батырмасымен) жабдықтамау құқығын қорғады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz primeminister.kz сілтеме жасап


Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық тараптың ұсынысымен ЕАЭО-ға мүше барлық елдер келісті. Тиісті өзгерістер Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы шешіміне енгізіледі. Осылайша, отандық автокөлік өндірушілері мен шетелдік өндірушілердің ресми өкілдері 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен жабдықтаусыз сәйкестікті бағалауды жүргізе алады және М және N санатындағы (жүк және жолаушылар тасымалы) көлік құралдарын айналымға шығара алады.


Мұндай шешім Қазақстанның автомобиль саласының дамуына оң әсерін тигізеді. Көлік құралдарының модельдік желісін кеңейтуге және Қазақстан нарығына жаңа брендтердің келуіне ықпал ететін болады.



Естеріңізге сала кетейік, ЕАЭО елдерінің аумағына әкелінетін N және М санатындағы жеке автокөлікті шұғыл және жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен (SOS батырмасымен) жарақтандыру жөніндегі талаптар Кеден одағының техникалық регламентінде айқындалған. Бұған дейін 2024 жылдың 1 ақпанына дейін ЕАЭО елдерінің аталған санаттағы көлік құралдарын ресми импорттаушылар мен өндірушілер бұл міндеттемелерден босатылған болатын.



Автокөлік иелерінің қондырғы құнының қымбаттығы (шығарылған жылына байланысты кедендік тазарту құнының іс жүзінде 25%), SOS түймелерін дайындауға арналған чиптер мен бөлшектердің тапшылығы туралы өтініштерін назарға ала отырып, сондай-ақ қалыптасқан геосаяси жағдайға байланысты шетелдік автоөндірушілердің ресейлік сынақ зертханаларында аккредиттелген осы құрылғылардың іске қосылуына бағалау жүргізе алмауы, міндетті жарақтандыру мерзімін ұзарту мәселесін қазақстандық тарап бірнеше рет көтерді. Енді ЕАЭО елдерінің аумағына өз қажеттіліктері үшін әкелінетін M және N санаттағы көлік құралдары 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін шұғыл және жедел қызметтерді шақыру жүйелерімен міндетті жарақтандыру талабынан босатылады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Автокөлік #батырма #Талап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Есірткімен ұсталған танымал рэпер көше тазалап жүр

Бүгін 11:35

Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан ұсталды

Бүгін 11:12

6 "Калашников" автоматы: ҰҚК жыл басынан бері 118 қару тәркіледі

Бүгін 10:55

"Осы дұрыс": Министр 1-сыныпқа баратын оқушыларға қатысты маңызды шешім қабылдады

Бүгін 10:46

Танымал әншінің жалғыз ұлы жоғалды: полиция не дейді?

Бүгін 10:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика