ffin.kz

Көлікке де күтім керек

Көлікке де күтім керек Сурет: видеодан алынды

Көліктегі ескерту (габарит) шамдары жанбағаны үшін салынған айыппұл қазақстандықтардың наразылығын тудырды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Желіде көлік жүргізушілерінің бірін Талдықорғанға кіре берісте полицейлер тоқтатып, 18 600 теңге айыппұл салмақшы болған видео тараған. Жүргізушінің айтуынша, Алматыдан шыққанда барлық шамдар жанып тұрған.



«Сіз маған шамды қайдан алу керектігін және түн ортасында қайдан ауыстыру керектігін түсіндіресіз бе? – деп сұрайды жүргізуші патруль қызметкерлерінен.


Тараған видеоаға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді. Кейбіреуі жүргізушіні қолдап, бірінші рет ескерту арқылы өтуге болады деп есептесе, енді біреулері полицейдің әрекетін толығымен заңды деп санаған.


«Бұл жерде полиция қызметкері 100 пайыз дұрыс, бірақ мұндай жағдайда жазбаша ескерту жасалуы мүмкін. Ескертуді қарастыратын баптың тізіміне енгізу керек».


«Заң ойластырылмаған, жүргізуші жол үстінде жанған шамды қалай байқайды, егер ол Астанада рөлге отырып, Көкшетауда көліктен түссе, оның күйгенін сезіну үшін көріпкелдік қабілеті болуы керек. Бұл жерде бір шам күйгені үшін ескерту жасау логикалық тұрғыдан дұрыс болар еді, ал екі шам бірдей істен шықса айыппұл салынуы керек».


«Айыппұл салынғаннан кейін ол бірден шамдарды ауыстырады. Көбіне көліктің жағдайын қадағаламайтынымыз рас. Ал заң өзінің талабын орындатады. Тәртіп бұздыңыз – төлеңіз».


«Мен бұл жерде жүргізушіні қолдамаймын. Мүмкін ол шынымен білмеген, көрмеген шығар. Дегенмен мұндай жағдайлардың салдарынан апаттар жиі болып жатады. Десе де ескерту жасау мүмкін емес пе еді?» – деп жазды әлеуметтік желі қолданылушылары.



Қазақстандық жүргізушілер Ішкі істер министрлігінен мұндай жағдай бірінші рет орын алса ескерту жасау мүмкіндігін қарастыруды сұрайды.


Осыған қатысты Жетісу облыстық полиция басқармасы заң нормаларын түсіндірді.



«ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару 5 АЕК (18 460 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады. Сонымен қатар, қосымшаның 3.13-тармағына сәйкес көлік құралдарын пайдалануға рұқсат берудің негізгі ережелеріне сәйкес жол қозғалысы ережелерін (олар белгіленген режимде жұмыс істемейді немесе сыртқы жарықтандыру құрылғылары мен шағылдырғыштары лас), ақаулар болған кезде және жол қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қауіп төндіретін жағдайларда, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады», - деп түсіндірген Жетісу облыстық ІІД.



Сонымен, заң талабына сай қызметін өтеу кезінде жүргізушіге айыппұл салмақ болған патрульдік полиция қызметкерлерінің әрекеті заңды деп танылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32