AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінің моб...

Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінің мобильді нұсқасы әзірленуде

Әлеумет 19.12.2023, 11:40 1,067 Almaty-akshamy.kz. 
Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінің мобильді нұсқасы әзірленуде
Сурет: ашық дереккөз

Аталған жүйені келесі жылдың бірінші жартыжылдығында өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жоспарланып отыр


Көліктік бақылау кезінде талап етілетін құжаттарды электрондық форматқа ауыстыру үшін Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі пилоттық режимде көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін енгізіп жатыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі тасымалдау саласында қызмет алу үрдісін барынша қауіпсіз етіп, ашықтықты одан әрі арттыруға, сондай-ақ тасымалдау процестерін оңтайландыруға, жүктерді жеткізу мерзімдерін қысқартуға, esutd.gov.kz сайтының мобильді нұсқасы немесе QR кодын сканерлеу арқылы әлемнің кез келген нүктесінен электрондық құжаттарға жедел қол жеткізуге ықпал етеді.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 2021 жылғы 25 мамырда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидалары, аталған жүйеге тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтауға қажет құжаттар тізбесі бекітілген болатын.


Кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы №307 бұйрығымен автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізілді (ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығымен бекітілген). Аталған өзгерістерге сәйкес құжаттарды қағаз тасығышта ресімдеу кезінде техникалық рұқсат етілген максималды салмағы 3,5 тоннадан асатын тасымалдаушы мен жүк жөнелтуші оларды көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеуді қамтамасыз етеді: жол парағы – ауысым (рейс) басталғанға дейін; тауар-көлік жүкқұжаты - жүк жөнелтілгенге дейін.


Қазіргі уақытта мемлекеттік техникалық қызмет мамандарымен бірлесіп, Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі сыналып жатыр. Сонымен қатар тасымалдаушыларға ыңғайлы болу үшін жүйенің мобильді қосымшасы әзірленіп жатыр. Осыған байланысты жүйені 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік пайдалануға беру жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мобилдік #Автомобил #көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);