AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көлік нөмірінің цифрын өзіңіз таңдайсыз

Көлік нөмірінің цифрын өзіңіз таңдайсыз

Әлеумет 02.07.2023, 13:07 1,241
Көлік нөмірінің цифрын өзіңіз таңдайсыз
Almaty-akshamy.kz

Көлік нөмірінің цифры мен әріптерін таңдау қызметі енгізілмек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Елімізде көлік нөмірінің цифрлары мен әріптерін таңдауға мүмкіндік беретін қызмет түрі енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.


«Алматыда Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бардым. Ішкі істер министрлігімен бірлесе жоғары сұранысқа ие автокөлік нөмірлерін сату қызметін енгізу бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда.


Қазіргі уақытта қазақстандықтар мұндай мемлекеттік нөмірлерге электронды үкімет порталы және eGov Mobile мобильдік қосымшасы арқылы тапсырыс бере алады. Өткен жылы отандастарымыз шамамен 6 млрд теңгеге VIP-нөмірлерді сатып алған. Биылғы жылы 3 млрд теңгеге 8 мыңнан астам нөмір берілген. Маған басқа да арналар арқылы қажетті нөмірлерге тапсырыс беруге болатындығы туралы ақпарат келіп жатады. Бұл жағдаймен барынша таныспын. Сондықтан біз мемлекеттік нөмірлерді таңдауға бағытталған қызметті енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз», - дейді Б.Мусин.


Министрдің айтуынша, көлікке нөмірді таңдау қызметі арқасында әріп белгілерін де өз бетінше белгілеуге мүмкіндік болады.


«Мұндай функцияның көмегімен клиент кез келген әріптік нөмір белгілерін таңдай алады. Мысал ретінде алсам, сатып алушы өз есімінің алғашқы үш әрпін енгізу арқылы қалаған нөміріне қол жеткізе алады. Бұл қызмет түріне бізде үлкен сұраныс бар.


Бүгінгі таңда мұндай қызметті жүзеге асыру үшін жоғары сұранысқа ие нөмірлердің тізбесін ұлғайтуды заңнамалық түрде бекітуіміз қажет.


Осы орайда, біз Парламенттен қолдау табамыз деген үміттеміз. Себебі, осындай нөмірлерді сату арқылы бюджетке қосымша қаражат түсіретін едік», - деді ведомство басшысы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #көлік #нөмір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Кеше 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Кеше 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Кеше 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Кеше 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Кеше 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика