AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көлік министрі Алматы Метрополитеніне барды

Көлік министрі Алматы Метрополитеніне барды

Әлеумет 16.09.2023, 14:14 1,085
Көлік министрі Алматы  Метрополитеніне барды
Сурет: ҚР Көлік министрлігі

ҚР Көлік министрі демалыс күндерін пайдаланып, Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарының көлік инфрақұрылымы объектілерімен таныспақ, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.


Марат Қарабаевтың өңірлерге кезекті жұмыс сапары Алматы қаласындағы логистика және көлік Академиясына барудан басталды. Академия тарихы 1931 жылдан Орта Азия теміржол инженерлері институтының филиалы ашылғаннан басталады. Бүгінде ол Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындарының арасында үздік бестікке кіреді.


Академияның материалдық-техникалық базасымен танысу барысында министр жоо оқытушыларымен кездесу өткізіп, Көлік министрлігі мен академия арасында орнатылған ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету жолдарын белгіледі.


Әрі қарай Марат Қарабаев Алматы метрополитеніне барды. Қазіргі уақытта Алматыда 11 метро станциясы жұмыс істейді, ұзындығы 13 км желіде электр пойыздарының 15 құрамы жүреді, орташа жолаушылар ағыны күніне 80-85 мың адамды құрайды.


Ведомство басшысы «Жібек жолы» станциясындағы орталық диспетчерлік басқарманың да жұмысымен танысты. Кәсіпорын басшылығымен кездесуде көлік министрі Алматыда метроның дамуының маңыздылығын атап өтіп, жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына тиісті бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.


Содан кейін Марат Қарабаев жұмыс істеп тұрған станциялардың жай-күйі мен қызмет көрсету сапасын тексеріп, сондай-ақ алдағы уақытта қолданысқа берілетін «Қалқаман» станциясының құрылыс алаңына барды. Нысанды 2025 жылға қарай пайдалануға беру жоспарланған.



Министр жұмыс сапары аясында «Ұзынағаш-Отар» автожолын қайта жаңарту учаскесіне барып, ҮАААЖ автожолының жұмысын тексереді. Министрлік басшысы жексенбі күні Қонаев қаласындағы теміржол вокзалының жұмысымен танысып, «Құрты-Қонаев» автожолында қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүзеге асырылып жатқан учаскелерді тексереді.


Бұдан әрі министр Құрты ауылынан Қарағанды қаласына дейінгі учаскеде «Алматы-Екатеринбург» автожолымен автокөлікпен жүріп өтеді. Сапар барысында Марат Қарабаев «Құрты-Бурылбайтал», «Балқаш-Бурылбайтал» және «Қарағанды-Балқаш» қайта құру учаскелерін тексереді.







Телеграм арнаға жазылыңыз
#метрополитен #қала #ҮАААЖ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда заңсыз салынған нысандарды бұзу жұмыстары жалғасуда

Бүгін 15:14

ДСМ тегін дәрілер тізімін жаңартты

Бүгін 15:10

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ»

Бүгін 14:19

Президент Үкіметке цифрлық экономиканың ІЖӨ-ге әсерін бағалау бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды

Бүгін 14:08

Алматыда Тоқаевтың төрағалығымен ЖИ дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті

Бүгін 14:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);