AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көлік министрі Алматы мен Астана арасын автокөлікп...

Көлік министрі Алматы мен Астана арасын автокөлікпен жүріп өтті

Әлеумет 18.09.2023, 06:02 1,489
Көлік министрі Алматы мен Астана арасын автокөлікпен жүріп өтті
Сурет: Elorda.info

Көлік министрі Марат Қарабаев Құрты ауылынан Астана қаласына дейін «Алматы-Екатеринбург» республикалық маңызы бар жолды автокөлікпен жүріп өтті.


Жұмыс сапары барысында министр «Құрты-Бурылбайтал», «Балқаш-Бурылбайтал», «Қарағанды-Балқаш» учаскелерін қайта жаңарту жұмыстарының барысын тексеріп, құрылыс мердігерлерімен жиындар өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 


М.Қарабаев қасына Көлік комитетінің басшысы Т.Абдуллин және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы М.Қасымбаевты ертіп, «Құрты-Бурылбайтал» учаскесіндегі жұмыстардың барысымен танысты. 2017 жылы басталған жобаны Todini Construzioni Generali, СП «СинеМидасСтрой», «Синохайдро» және KLV Inşaat Anonim Şirket компаниялары жүзеге асыруда. «Құрты-Бурылбайтал» жобасының жалпы ұзындығы 228 шақырымды құрайды. Жаңа асфальт бойынша қозғалыс 192 шақырым ашық, ал жылдың соңына дейін І-Б санатты жол сегментінің бүкіл ұзындығы бойынша көлік қозғалысын қамтамасыз ету жоспарлануда. 


Министр «Қарағанды-Балқаш» жолының учаскесін тексерді. Онда CITIC Construction Co және «СинеМидасСтрой» СП компаниялары басталған жұмыстарды аяқтап жатыр. Қозғалыс 4 жолақты жолдың 363 шақырымының 313-інде ашық. 


Айта кетерлігі, құрылыс нысандарына барған кезде Марат Қарабаев мердігер ұйымдармен кеңес өткізді. Оларға шарттық міндеттемелерді сапалы орындау тапсырылды.



«Егер көрсетілген мерзімдерден артта қалған жобаларыңыз болса, бұл туралы бірден айтыңыздар. Біз де, жолда жүретін жолаушылар да шындықты білуі керек. Алайда, бұл себеп-салдарын түсіндірдік деп, ары қарай жайбарақат жүруді білдірмейді. Егер сіздер құрылыс мерзімдерін соза берсеңіздер, біз заң аясында тиісті шаралар қолданамыз, тіпті шартта көрсетілгендей айыппұл саламыз. Бәріне дайын болыңыздар», - деді министр жол бойында өткізілген жұмыс жиналыстарының бірінде.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көлік министрі #жолды тексеру #Алматы мен Астана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18

“Айс Мұратова” ісі: Үш жүзге жуық адамды сан соқтырған алаяқ 12 жылға сотталды

Бүгін 13:21

Алматыдағы корей театры Бауыржан Момышұлының ерлігін дәріптейтін спектакль ұсынды

Бүгін 12:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);