Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Көлік жүргізушілерінің жолдағы жанжалы видеоға түс...

Көлік жүргізушілерінің жолдағы жанжалы видеоға түсірілді

Заң мен тəртіп 29.06.2023, 13:57 1,163
Көлік жүргізушілерінің жолдағы жанжалы видеоға түсірілді
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстандық жүргізушілердің жолдағы жанжалы видеоға түсіп, әлеуметтік желіге тарап кетті, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  


Ашуланған жүргізуші сол жақ жолақтағы көлікті тоқтатып, капотына шығып, аяғымен алдыңғы әйнегін сындырған. Содан кейін ол төмен түсіп, жүргізуші отырған жақтағы терезені жұдырығымен ұрып сындырып, оны сыртқа шығаруға тырысқан. Бұл кезде көліктің ішінде жүргізушіден бөлек әйелі мен баласы болған,-деп жазады Tengrinews.kz.


Видеода олардың қазір ауруханада жатқаны айтылды.



Оқиға Алматы облысында Алматы – Бішкек бағытындағы тасжолда болған.



«28 маусымында Жамбыл аудандық полиция бөліміне Ы есімді ер адам жазбаша өтінішпен жүгінді. 1992 жылы туған белгісіз адамға қатысты шаралар қабылдау туралы, ол сағат 19:20 шамасында Алматы - Бішкек автожолында жол қозғалысы ережелерін бұзып, жол көлік оқиғасын жасаған. Бұл ретте оның көлігі бұзақының кесірінен зақымданған. ​Бұл дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша аудандық полицияның соталды тергеуінің бірыңғай тізіміне тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 1993 жылы туған күдікті К есімді ер адамды ұстады», - деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.



Сот-медициналық сараптама тағайындады. Күдіктінің көлігі Ұзынағаш ауылындағы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылған.



«Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша жүргізуші К есімді адамға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қазіргі уақытта бұзақылық дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #төбелес #күш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика