AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көктемгі егістік отандық тыңайтқыштармен толық қам...

Көктемгі егістік отандық тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етіледі

Әлеумет 04.02.2022, 07:01 1,394
Көктемгі егістік отандық тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етіледі
Сурет: Poettinger.at

Осы мақсатта зауыттармен арнайы келіссөз жүргізілген.


Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу барысында отандық тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Eldala.kz cілтеме жасап.


 Ағымдағы жылы минералды тыңайтқыштарды енгізу көлемі шамамен 695 мың тоннаны құрайды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 70 мың тоннаға артық. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.



«Дәстүрлі түрде сатып алынатын тыңайтқыштардың 60% 2 түрге - өндірісі Қазақстанда бар аммиак селитрасы мен аммофосқа тиесілі. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді аталған тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мақсатында отандық зауыттардың басшылығымен келіссөздер жүргізілді. Олардың нәтижелері бойынша ішкі нарықты толық қамтамасыз ету бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді», - деп хабарлады ведомствода.



Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің басталуымен АШМ облыс әкімдіктерімен бірлесіп апта сайын минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз етілу мониторингін жүргізетін болады.


Олардың құнын субсидиялау мақсатында ағымдағы жылы 26,8 млрд теңге қарастырылғаны атап өтіледі.


Еске салайық: Ресейде  2022 жылдың 2 ақпанынан 1 сәуіріне дейін осы өнімдерге сұраныстың артуына байланысты аммиак селитрасын экспорттауға тыйым салынды. Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықта ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен өнеркәсіптік кәсіпорындар тарапынан аммиак селитрасына қосымша қажеттілік пайда болғанын хабарлады. Атап айтқанда, Оңтүстік және Солтүстік Кавказ федералды округтерінің бірнеше аймақтарында жылы қыстың салдарынан көктемгі егіс бірнеше аптаға ауысып, ақпан айында басталады.


Сонымен қатар, Қазақстанда аммиак селитрасы өндірісі өсуде. Өткен жылы "ҚазАзот " компаниясы өндірісті 17%-ға ұлғайтты. 2021 жылғы 12 айда аммиак селитрасын шығару бір жыл бұрынғы 325,2 мың тоннаға қарағанда 380,7 мың тоннаны құрады. 2022 жылы "ҚазАзот" өндіріс көлемін 400 мың тоннаға дейінгі деңгейге шығаруды жоспарлап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Егістік #тыңайтқыш #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Республика күніне орай мерекелік концерт өтті

Бүгін 18:10

Ойын мекемелерінің жұмыс істеу қағидалары нақтыланды

Бүгін 14:15

Келесі жылдан бастап жұмысқа ерте шыққан аналар бала күтімі төлемін ала береді

Бүгін 14:10

Алматы ОҚКА дәрігерлері ампутация қаупі төнген науқастың аяғындағы қан айналымын қалпына келтірді

Бүгін 12:40

Қазақстандықтар Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қандай тауарларды сатып алуда?

Бүгін 12:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);