Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көктемде 200 миллионам астам көшет отырғызылды

Көктемде 200 миллионам астам көшет отырғызылды

Әлеумет 07.05.2022, 13:40 1,766
Көктемде 200 миллионам астам көшет отырғызылды
Сурет: Otyrar.kz

Елімізде 2 миллиард ағаш отырғызу науқаны қарқынды жүргізілуде


Елімізде бес жыл ішінде (2021-2025 ж.ж.) 2 млрд ағаш отырғызу жұмысы жоспарға сай жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Құтпанбаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.



«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өткен жылдан бастап ел аумағында 2 млрд ағаш отырғызу науқаны басталды. Жоба басталғалы еліміз бойынша 200 млн астам ағаш көшеті отырғызылды. Ал, биыл көктемде 100 млн жуық көшет егілді. Жоспар бойынша осы көктемде 108 млн көшет отырғызуымыз керек. Алдағы 10 күннің ішінде қалған 8 млн ағашты отырғызамыз. Қалғаны жоспарға сәйкес алдағы күзде іске асырылады. Сонымен қатар, отырғызылған ағаш көшеттерінің одан әрі өсіп кетуі біздің бақылауымызда. Ол үшін нормативтік-құқықтық акт қарастырылған. Бақылау күз мезгілінде жүреді. Алдымен орманшы мамандар қадағалайды, содан соң бақылау бөлімінің өкілдері тексереді», - деді Ерлан Құтпанбаев.



Оның айтуынша, ел аумағында былтыр отырғызылған ағаш көшеттерінің 70 пайызы тіршілігін жалғастырды. Сондай-ақ, ағаш көшетін отырғызу науқаны еліміз бойынша көктем және күзде жүреді.



«2 млрд түп ағаштың ішінде 700 млн жуығы сексеуіл, 550 млн астамы қарағай, одан бөлек қайың, терек тағы сол сияқты ағаш түрлері бар. Барлық ағаш көшеттері отандық, атап айтқанда ШҚО мен Павлодар облысына тиесілі. Біз қазір Ақмола облысына қарасты «Жасыл аймақ» орман қоры шаруашылығының аумағында тұрмыз. Бұл жерде биыл көктемде 5 млн астам ағаш көшеті отырғызылды. Жалпы, ағаш егу процесі 2 әдіспен орындалып жатыр. Бірі - тұқым себу арқылы, екінші жолы - көшет түрінде отырғызу. Ағаш отырғызу жұмысы жоспарға сай жүзеге асып жатыр», - дейді ол.



Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда 2021 жылдан бастап 5 жыл көлемінде орман қорына 2 млрд түп ағаш егіледі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көшет отырғызу #табиғат #Мемлекет басшысының жоспары #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда 83 жастағы енесін өлтірген әйел сотталмайтын болды

Бүгін 12:19

Алматыда “ALGYS FEST” мерекелік концерті өтеді

Бүгін 11:47

Қазақстандық конькиші екі дүркін әлем чемпионы атанды

Бүгін 10:51

Гүл жеткіземін деген “курьер” ақтөбеліктің 7,5 млн теңгесін қағып кеткен

Бүгін 10:44

“Үйіме жеттім-ау”. Михаил Шайдоровты алматылықтар ерекше құрметпен қарсы алды

Бүгін 09:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі