AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көктайғаққа қарсы 763 тонна материалдар пайдаланыл...

Көктайғаққа қарсы 763 тонна материалдар пайдаланылды

Әлеумет 09.11.2022, 09:41 1,054
Көктайғаққа қарсы 763 тонна материалдар пайдаланылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласындағы көріктендіру қызметтерінің 2022 жылғы 8-9 қарашада жауын-шашын кезінде атқарған жұмыстары бойынша ақпарат


Алматы қаласында жаңбырдың, оның арты қар аралас жауынға ұласуына байланысты қалалық көріктендіру қызметтері су тасқыны мен көктайғақтың алдын алу бойынша тәулік бойы жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қаласы коммуналдық инфақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.


8-9 қараша аралығында жауын-шашынның болуына байланысты, Алматы қаласында Әл-Фараби даңғылының жоғары жағына 8-10 см қар  түсті. 9 қараша күні таңғы сағат 7:00-де таулы аймақтағы түскен қардың деңгейі 15-20 см-ге жетті. Айдың басынан бері қалада 36,6 мм жаңбыр жауды, нормасы 50 мм.


Түнгі кезеңде 8-9 қараша аралығында 285 арнайы техника бірлігі, оның ішінде 68 құм сепкіш және 357 жол жұмысшысы жұмылдырылды.


Таулы және тау бөктеріндегі жерлерде көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында жолдарды көктайғаққа қарсы материалдар себілді және тазалау жүзеге асырылды. Көктайғаққа қарсы  763 тонна материалдар пайдаланылды. Сондай-ақ, қаланың жоғарғы бөлігінде тротуарлар мен қоғамдық көлік аялдамаларын қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.


9 қараша күні таңертең қала жолдарын тазартуға 377  техника бірлігі, сондай-ақ оның ішінде 77 құм сепкіш және 1129 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта қалада жолдар мен тротуарларды құлаған жапырақтардан жаппай тазарту жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімдіктерінде жұмыс барысын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.


Қазгидрометтің болжамы бойынша, бүгін түстен кейін жауын-шашынсыз, бұлтты, ауа температурасы+2...+ 4°С болады, түнде жаңбыр жауып, арты қарға ұласуы мүмкін. Түнде желдің жылдамдығы 3-8 м/с және ауа температурасы 0-2 аяз күтілуде.


Жолдың қозғалыс бөлігінде пайда болуы мүмкін көктайғаққа байланысты жүргізушілер қозғалыс жылдамдығын төмендетіп, автокөліктер арасындағы қашықтықты арттырып, кенеттен маневрлер мен тежеулерден аулақ болғандары жөн.


        

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қар #жауын #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Бүгін 15:45

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 14:20

Президент әкімшілігінің экс-басшысы Әділет” партиясының төрағасы болып сайланды

Бүгін 13:09

Алматыда Отан қорғаушы күніне орай Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді

Бүгін 11:55

АҚШ күштері Иран туы ілінген танкерге шабуыл жасады

Бүгін 11:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);