AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көкекке өз мәртебесін беретін кез келді

Көкекке өз мәртебесін беретін кез келді

Әлеумет 16.02.2024, 05:40 1,262 Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ
Көкекке өз мәртебесін беретін кез келді
almaty-akshamy.kz

Қазақтың күнтізбелік атауында күні бүгінге дейін орнын таппай адасып жүрген ай атаулары жоқ емес. Жаратылысты зерттеп жүрген ғалымдар мен этнографтар арасында осы орайда бұрыннан қалыптасқан екі түрлі жаңсақ пікір  қалмай келеді.


Ақпан айының қыстың дәл қай айына жататынын дөп басып айта алмай келеміз. Яғни ақпан айы қазіргі февраль айы ма, әлде қазіргі январь ма, нақты ешкім білмейді немесе білгісі келмейді. Әйтпесе, шешімін таба алмай келе жатқан осы дау-дамай мен қарама-қайшылықты шешуге негіз жоқ емес..



Мәселен, Ғабит Мүсірепов: «Қазақ қаңтар-ақпан деп еш уақытта да айтпайды, ол тіліміздің сөйлеу дәстүрін бұзар еді. Біз ылғи ақпан-қаңтар деп сөйлейміз. Сондықтан мен осы екі айдың аттары ауысып тұр ма деймін» деп айтыпты бір сөзінде.


Ал Мұхтар Әуезов шығармаларында «ақпан-қаңтардағы күйіне келген бурадай» деп сөз қолданады. Қос кемеңгердің осы парасатты пайымдарына мән беретін болсақ, январь (ақпан), февраль (қаңтар) болса керек.



Орайы келгенде айта кетейік, Көкек  өз орнын таппай жүрген ай. Кезінде компартияның кежір, солақай саясатының құрбаны болған атау. Лениннің «Апрель тезистерін» газетке бергенде «Көкек тезистері десек пролетариаттар көсемін мазақ еткен боламыз, тақырыпты «Сәуір тезистері» деп өзгертіңдер» деген орталық комитеттің мәжбүрлеуімен жазылған.


Қазір Ленин де, партия да, оның кеңес өкіметі де келмеске кетті. Тезистер де мәнін жоғалтты. Ал ай атауы сәуір болып қалды. Көкекке өз мәртебесін беретін кез келді. 30 жылдан астам уақыттан бері тәуелсіз елміз.


Қоғамымыз өзгеріп жатыр. Жаңа Қазақстан құру жолында құлшыныс үстіндеміз. Өзге өркениетті елдер сияқты өзімізге ғана тән ұлттық құндылықтарымызды құнттағанымыз, бабалар жолын ұмытпағанымыз жөн емес пе?


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #көкек #сәуір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);