Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Көк тудың желбірегені...

Көк тудың желбірегені...

Спорт 21.09.2023, 10:51 1,722
Көк тудың желбірегені...
Сурет: ҚР Спорт комитеті

Спортшыларымызға күш беріп, биіктерден көрінеді деп сенеміз!


Азиада, Ханчжоу-2022: Олимпиадалық қалашықта Қазақстанның туы ресми көтерілді Ханчжоу қаласында Қазақстан туын көтерудің салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Бұл іс-шара қазақстандық спорт делегациясының Азия ойындарына ресми түрде келгенін білдіреді. ҚР ҰОК Спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов спортшыларды ХІХ Азия ойындарында ел намысын лайықты қорғау керектігін жеткізді.



«Жарысты ұйымдастыру жоғары деңгейде, Олимпиада ойындарынан кем түспейді. Қазақстандық делегацияның бір бөлігі Қытайға келіп, атлеттер ауылына орналасты. Өздеріңіз білесіздер, Азия ойындары біздің құрама үшін өте маңызды. Өйткені мұнда медальдар ғана емес, бірнеше спорт түрінен Олимпиада лицензиялары да ойналады. Спортшыларымыз жақсы өнер көрсетеді деп үміттенеміз», - деді Елсияр Қанағатов ресми рәсімнен кейін.



ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының директоры Оралбай Жақсымбетов те спортшыларға сәттілік тілеп, олардың барлығына құрлықтық жарысқа сапалы дайындалу үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.



«Азия ойындары – бұл құрлықтық Олимпиада. Мұнда сары құрлықтың үздік спортшылары жиналады. Біз қалашықта спортшылармен бірге тұрып, олардың еш нәрсеге мұқтаж болмауын жеке бақылаудамыз. Ұлттық құрама толықтай жабдықталған. Ойындарға дайындық біз ойлағандай өтті. Кедергілер жоқ. Командамызға сәттілік пен жеңістер тілеймін», - деді Оралбай Жақсымбетов.



Салтанатты шараға бокстан Қазақстан құрамасының үздіктерінің бірі Сәкен Бибосынов қатысты. Спортшы марапаттау рәсімі кезінде көк байрағымыздың тағы желбіреуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде берді.



«Бұл мен үшін бірінші Азия ойындары. Біз қатысатын спорт түрінен олимпиадалық лицензиялар сарапқа салынады. Олар тек финалистерге беріледі. Сондықтан бәсекелестік өте жоғары болады. Мен тек жоғары нәтижеге жетуді мақсат етемін. Ал біздің барлық боксшылар мұнда жеңіс пен лицензия үшін келді. Жетістікке жететінімізге сенеміз», – дейді спортшы.



Жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 23 қыркүйекте өтеді.


Бұған дейін жазғанымыздай Қазақстан құрамасы сапында 524 спортшы бақ сынайды. Олар 40 спорт түрінің 30 түрі бойынша өнер көрсетеді. Отандық спортшылар 44 дисциплина бойынша жүлделі орындарға таласып, 305 медаль жиынтығын сарапқа салады. Жалпы Азия ойындарында 61 дисциплина бойынша барлығы 481 медаль жиынтығы ойнатылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #ту #олимпиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика