Кофе қазақстандықтар үшін де таңсық ас болмай қалды

Кофе қазақстандықтар үшін де  таңсық ас болмай қалды Сурет: 24.kz

Олай деуге себеп - Қазақстан өзі де шетелге кофе сататын болған. 

Кофенің қалалықтардың өміріне дендеп еніп кеткені соншалық, бұрын кофені өзге елдерден импорттап келсек, енді өзіміз экспорттауға көшкен екенбіз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Айбек Аханов, кофе фестивальдерін ұйымдастырушы:

Бүкіл әлемде кофе тұтынушылардың саны өсіп, кофе бизнесінің өокендеу тенденциясы байқалады. Мысалы, Қазақстанда бұл кәсіп жыл сайын 20 пайызға өсіп жатыр. Соған сәйкес халықтың тұтыну көрсеткіші де жоғарылауда.

Бұл сусынға жұрт толық үйренді десек болады. Десек те, кофені ішу тәртібі мен мөлшерін біліп, кері әсер етуіне жол бермейік дейді мамандар.

Фариза Сембаева, нутрициолог: 

Кофені негізі таңертеңгі уақытта 9.30-11.30-дың арасында ішу керек. Тек ашқарынға ішуге болмайды. Міндетті түрде таңғы аспен. Қан қысымы жоғары кісілерге, жүкті әйелдерге, 14 жасқа дейінгі балларға мүлде қолдануға болмайды.

Елордада қазір 692 кофехана жұмыс істеп тұр. Ал сәуір айында екі гис қосымшасынан бұл орындарды іздеушілердің саны 415 мыңнан асқан. Ай сайын бұл көрсеткіш көбеймесе, азаймайтын сыңайлы. Сондықтан болар елімізде кофе импорты да өсіпті.

Дәлірек айтсақ, 2023 жылы Қазақстан басқа елдерден 3100 тонна кофе сатып алды. Бірінші орында Ресей – 1100 тонна, екінші орында Бразилия – 823 тонна, одан кейін Италия – 426 тонна, Нидерланды – 122 тонна, Германия - 88, Колумбия – 60, Эфиопия – 58 тонна. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға артық көрсеткіш.  Тіпті шикізатты сатып алып, өз елімізде өндіретін шағын зауыттар да жұмыс істейді. Сондай өндірістің бірі ең алғаш рет 2009 жылы Қарағанды қаласында ашылыпты.

 Павел Сериков, кофе өндіретін компания директоры:

Кофе экваторлық аймақтарда өсетіндіктен біз шикізатты еуропалық импорттаушылардан сатып алып, дайын өнімге айналдырып, кофкханалар, мкйрамханалар, тіпті жеке адамдарға жеткіземіз. Біз Қазақстандағы алғашқы өндірушілерміз. Қарағандыда шығарамыз. Соңғы 5-6 жылда қатарымыз көбейіп кетті. Түрлі қалада, орталық қана емес, өңірлерде де бар.

 Ал соңғы жылдары Қазақстан тек кофе импорттаушы емес, аз көлемде болса да Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия секілді елдерге экспорттаушы елге де айналған. Мысалы, 2023 жылы Қазақстаннан жалпы құны 829 мың долларға 70 тонна кофе сатылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:30

19:53

19:18

19:03

18:47

18:01

17:53

17:12

17:05

16:42

16:32

16:05

16:01

15:54

15:47

15:37

15:27

15:09

15:05

14:05

12:51

12:29

11:39

11:08

11:02