Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Кітап оқу өмірді ұзартады: ғалымдар не дейді?

Кітап оқу өмірді ұзартады: ғалымдар не дейді?

Мұны білген жөн 23.01.2026, 10:18 295
Кітап оқу өмірді ұзартады: ғалымдар не дейді?
интернеттен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында: «Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек» деген болатын.

Яғни, кітап оқу тек жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның дамуына тікелей әсер ететін маңызды құндылық. Кітап оқу адамды күнделікті күйбең тіршіліктен алыстатып қана қоймай, денсаулыққа да зор пайдасын тигізеді. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, үнемі кітап оқитын адамдардың өмір жасы ұзақ болып, стресс деңгейі төмендейді, миы белсендірек жұмыс істейді.

Social Science & Medicine журналында жарияланған зерттеуге сілтеме жасаған Medical News Today басылымының хабарлауынша, Йель университетінің ғалымдары кітап оқу мен өмір сүру ұзақтығының арасында тікелей байланыс бар екенін анықтаған. 12 жылға созылған бақылау нәтижесінде аптасына 3,5 сағаттан артық кітап оқыған адамдарда мезгілсіз қайтыс болу қаупі кітап оқымайтындармен салыстырғанда 23 пайызға төмен болған.

Зерттеушілер бұл құбылыстың нақты себебін дәл айта алмағанымен, бұрынғы ғылыми еңбектерге сүйене отырып, кітап оқу ми жасушалары арасындағы байланысты нығайтатынын еске салды. Ал бұл өз кезегінде өмірді қысқартатын нейродегенеративті аурулардың қаупін азайтуы мүмкін.

Кітап оқудың тағы бір маңызды пайдасы – стрессті азайту.

Стресс көптеген қауіпті аурулардың негізгі факторларының бірі екені белгілі. Мәселен, ол инсульт қаупін 50 пайызға, ал жүрек ауруларын 40 пайызға арттыруы мүмкін.

Ұлыбританиядағы Сассекс университеті ғалымдарының деректеріне сүйенсек, кітап оқу стресс деңгейін 68 пайызға дейін төмендетеді. Бұл тіпті музыка тыңдау мен серуендеуден де тиімді. Бар болғаны 6 минут кітап немесе газет оқу жүрек соғысын баяулатып, бұлшық еттердің босаңсуына көмектеседі.

Сонымен қатар кітап оқу жас ұлғайған сайын болатын когнитивті қабілеттердің төмендеуін баяулатып, Альцгеймер ауруы секілді ауыр дерттердің даму қаупін азайтуы мүмкін.

Чикагодағы Раш университетінің ғалымдары орташа жасы 89-ға жеткен 294 қарт адамның деректерін зерттей отырып, өмір бойы кітап оқып, жазумен және басқа да интеллектуалдық істермен айналысқан адамдардың миында деменция белгілері сирек кездесетінін анықтаған. Қартайған шағында кітап оқып, шахмат ойнап және ақыл-ойды қажет ететін істермен айналысқан адамдарда Альцгеймер ауруына шалдығу ықтималдығы 2,5 есе төмен болған.

Кітап оқудың тағы бір артықшылығы – ұйқыны жақсарту.

Майо клиникасы мамандарының айтуынша, ұйқы алдында кітап оқу – ағзаның ұйқыға дайындалуына көмектесетін тиімді әдет. Керісінше, төсекке жатар алдында смартфон қараудың қажеті жоқ, себебі гаджет экрандарының жарығы ұйқыға жауап беретін мелатонин гормонының бөлінуін азайтады.

Бұдан бөлек, кітап оқу адамдарды жақсырақ түсінуге көмектеседі. Зерттеулер көркем әдебиет оқитын адамдардың өзгенің ойы, сенімі мен қалауын қабылдау қабілеті жоғары болатынын көрсеткен. Сондай-ақ оларда эмпатия – яғни басқа адамның эмоциялық күйіне жанашырлық таныту қабілеті жақсы дамиды.

Сонымен қатар кітап оқудың баршаға белгілі пайдасы – сөздік қорды байытып, интеллектіні арттыру.

Child Development журналында жарияланған зерттеу нәтижесіне сәйкес, 7 жасында оқу дағдысы жақсы дамыған балалар IQ тесттерінен де жоғары нәтиже көрсеткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі