AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Кітап оқитын ұлт»: Димаш Құдайберген де бастамаға...

«Кітап оқитын ұлт»: Димаш Құдайберген де бастамаға үн қосты

Мәдениет Бүгін 09:55 42
«Кітап оқитын ұлт»: Димаш Құдайберген де бастамаға үн қосты
Видеодан кадр

Оқырман қауымды рухани серпіліске шақырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны ресми түрде жалауын желбіретті. Қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттыруды, жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруды көздейтін бұл жобаға әлемге әйгілі әнші, еліміздің мақтанышы Димаш Құдайберген де қолдау білдіріп, өзіндік үлесін қосты.

Қайсар рухтың символы: «Парасат» санатындағы таңдау

Дүниежүзілік сахналарда қазақ мәдениетін ұлықтап жүрген Димаш бұл жолы оқырман қауымды рухани серпіліске шақырды. Ол ауқымды марафонға байқаудан тыс, арнайы «Парасат» санаты бойынша қатысып отыр. Әнші өз таңдауын белгілі суретші, халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың белсендісі Кәріпбек Күйіковтің «Жизнь без рук» («Қолсыз өмір») атты автобиографиялық кітабына түсірді.

Бұл туынды — тағдырдың ауыр соққыларына мойымай, өмірге деген шексіз құштарлық пен қажырлы еңбектің арқасында биік белестерді бағындырған тұлғаның шынайы өмірбаяны.

Қарағандыдағы кездесу: Қайсарлықтан туған тәнтілік

Димаш Құдайберген Қарағанды қаласына барған сапарында Кәріпбек Күйіковпен арнайы кездесіп, емен-жарқын сұхбаттасқан болатын. Әнші бұл кездесуден алған әсерін жасырмай, суретшінің бойындағы қайсарлық пен рух беріктігіне ерекше тәнті болғанын жеткізді. Қос тұлғаның жүздесуі тек өнер мен шығармашылықтың ғана емес, адамгершілік пен рухани үндестіктің де жарқын үлгісіне айналды.

Кітап — кемелдікке бастар жол

«Марафон кітап оқуға, тағылым алуға және ой бөлісуге жол ашсын!» — деп ақ тілегін білдірген Димаш осы бастама арқылы қоғамды жақсылыққа, ізгілікке және білімге ұмтылуға шақырды.

«Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында ұсынылған бұл шығарма әрбір оқырманға жігер беріп, қиындықтарды жеңуге күш-қуат сыйлары сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Серік Құрманғалиев: Үлкенді құрметтеу – ұлттық дәстүр

Бүгін 10:26

Алматыда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған арнайы тележоба түсіріледі

Бүгін 10:05

Алматы әлемнің үздік қалаларының қатарына енді

Бүгін 10:04

Түркі әлеміндегі салт аттылық мәдениет: ғылыми зерттеулер тоғысында

Бүгін 09:47

Сейсенбінің ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);