AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Кино орталығының конкурсына 465 өтінім келіп түсті

Кино орталығының конкурсына 465 өтінім келіп түсті

Мәдениет 20.04.2024, 08:23 1,104
Кино орталығының конкурсына 465 өтінім келіп түсті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ұлттық киноны қолдау орталығы мемлекеттік қолдауға үміткер киножобаларды іріктеудің бірінші кезеңіне сценарийлер мен сценарий жоспарларын қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды.


Электронды түрде тіркелген сценарийлер мен сценарий жоспарларының жалпы саны – 465.



«2024 жылы анимациялық, деректі және ойын фильмдерінің әртүрлі санаттары бойынша біршама өтінім келіп түсті. Анимация саласында 44 өтінім берілген, оның 37-сі сараптамалық кеңестің қарауына жіберілді, ал 7-еуі қабылданбады. Деректі фильмдер санатында 70 өтінім берілді, оның 57-сі сараптама кеңесіне жіберілді, ал 13-і қабылданбады. Ойын фильмдеріне келетін болсақ, 351 өтінім түсті, оның 277-сі сараптама кеңесінің қарауына берілді, ал 74-і қабылданбады. Өтінімдердің қабылданбау себептері: өтінімдердің бір жоба бойынша бір компаниядан қайта берілуі, сценарийлер мен сценарий жоспарының болмауы, компаниядан конкурстың бір бағытына екеуден артық өтінім түсуі. Қалған өтінімдер сараптама кеңесінің қарауына жолданды», – деп мәлімдейді орталықтың баспасөз қызметі.



Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 12-18 сәуір аралығында жүргізілді. Атап өту керек, 10 сәуірде Алматыда киноиндустрия өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды, сонымен қатар 8-18 сәуір аралығында үш бағыт бойынша консультациялық қолдау шаралары жүргізілді. Астана және Алматы қалаларындағы орталық кеңсесінде жеке консультациялар, телефон қоңыраулары арқылы сұрақтарға жауап берілді, әлеуметтік желіде жаңа ережеге, конкурсқа қатысты қажетті мәліметтер жарияланды.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кино орталығы #конкурс #өтінім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18

“Айс Мұратова” ісі: Үш жүзге жуық адамды сан соқтырған алаяқ 12 жылға сотталды

Бүгін 13:21

Алматыдағы корей театры Бауыржан Момышұлының ерлігін дәріптейтін спектакль ұсынды

Бүгін 12:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);