AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Кіл мықтылар марапатталды

Кіл мықтылар марапатталды

Спорт 16.03.2023, 18:44 1,349
Кіл мықтылар марапатталды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында Қазақстанның шахмат қоғамдастығының үздік өкілдеріне KazChess Awards марапатын табыстау рәсімі өтті. Бұл марапат алғаш рет ұйымдастырылып отыр.


Сонымен, Қазақстан шахматының мықтылары:



  • «Әйелдер арасында жыл спортшысы» – әйелдер арасында жылдам шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева;

  • «Ерлер арасында жыл спортшысы» – ерлер арасында блицтен Азия чемпионы Ринат Жұмабаев;

  • «Жыл көшбасшысы» – 44-ші Халықаралық шахмат олимпиадасының қола жүлдегері Жансая Әбдімәлік;

  • «Жыл үздігі» – әйелдер арасында жылдам шахматтан вице-чемпионы Динара Сәдуақасова;

  • «Жыл жаңалығы» – 18 жасқа дейінгі жылдам шахматтан әлем чемпионы Нөгербек Қазыбек;

  • «Жыл үміті» – 14 жасқа дейінгі қыздар арасында жылдам шахматтан әлем чемпионы Зарина Нұрғалиева;

  • «Жыл ұйымдастырушысы» – Алматы облысы және Жетісу облысының шахмат және үстел ойындары федерациясының президенті Саят Егембердиев;

  • «Жыл бапкері» – Азия және ҚР чемпиондарының және чемпионат жеңімпаздарының жетекшісі Ержан Шәкенов; «Жыл төрешісі» –  Халықаралық класты судья Олег Ринас.



ТАҚЫРЫПҚА ОРАЙ


    Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов салтанатты рәсімнің алғысөзінде марапат иелерін құттықтады.


«Өткен маусым бойы біздің спортшылар керемет нәтижелер көрсетті. Әрбір жеңістің артында ата-ана, бапкерлер штабы және спортшылардың өздері атқарған қажымас еңбек жатыр. Олар жетістіктерімен Қазақстанның абыройын әлемдік аренада асқақтатуда. Бірақ одан да маңыздысы – өскелең ұрпақты шахматпен айналысуға әрі бұдан да орасан зор жеңістерге қол жеткізуге ынталандырып, оларға нағыз үлгі болып келеді. Бұл марапат – біздің елімізде шахматты дамыту мен қолдау бойынша ауқымды әрі кешенді жұмыстардың бір бөлігі. Сол арқылы біз көрнекті споршыларымыздың арасынан әлі-ақ нағыз саңлақтарды тәрбиелеп шығарамыз», – деді Т.Турлов.


Ол елордада биылғы 7 сәуір  мен 1 мамыр аралығында өтетін шахматтан ФИДЕ әлем чемпионатының маңыздылығын да атап өтті. Әлемнің ең мықтыларының осынау жекпе-жегі аталған спорт түрін біздің елімізде танымал етуге ықпал етеді деп сенім білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Асаубаева #шахмат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04

Мемлекет басшысы General Atlantic төрағасы және бас директоры Уильям Фордты қабылдады

Бүгін 20:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);