ffin.kz

Киімнің қай стилі сәнді әрі ыңғайлы?

Киімнің қай стилі сәнді әрі ыңғайлы? Сурет: Ya-modnaya.ru

Бұрынырақта, балалық шақтары 80-90 жылдары өткен қазіргі аға-әпкелеріміздің есінде болар, аналарымыз киім алса, әсіресе, сырт киімді денеге шап-шақ қылмай, кеңдеу етіп, 1-2 өлшемге үлкендеу етіп алатын. Онысы сән емес, «келер жылы да кие береді» деген желеумен алынатын. Сөйтіп, бір пальтоны бірнеше маусым киіп жүре беретін күндер келмеске кетті.


Десе де, сән әлемі маусым сайын, тіпті күн сайын өзгеріп жатады. Бұрын қолбыратып, салпитып киіп алуға намыстансақ, қазір өз өлшеміңнен үлкен киімді кию, керісінше, сәнге айналды. Мұны киім кию стиліндегі оверсайз деп атайды. Оверсайз осыдан бірнеше жыл бұрын көптеген сәнқойлардың жүрегін жаулап үлгерді және өз позициясын берер емес. Сән өзгерсе де, бұл стиль жыл өткен сайын көпшілік жақсы көріп киетін, танымал бола түсті. Ең бастысы, оверсайз еркін қозғалыс пен өз болмысыңды көрсетудің бір жолы ретінде көрініс тапты. Себебі бұл стильдегі киім өзіңді қолайлы әрі стильді сезінуге мүмкіндік береді.


Киім киюдегі оверсайз деген не?  


Бұл атау бізге ағылшынның oversize деген сөзінен, яғни, «өте үлкен» дегенінен келген. Сән саласында бұл термин кең пішімді заттарды білдіру үшін қолданылады. Бұл стильдегі киім көлемді болғаннан кейін өзінің емес, өзгенің иығында тұрғандай көрінеді. Қарапайым, әрі күнделікті өмірде ыңғайлы киінгісі келетіндерге оверсайз стилінің ұнары сөзсіз.


Оверсайзды қалай кию керек?


«Бояушы, бояушы деген сақалын бояпты» дегеннің кері болмас үшін, сән екен деп келсін, келмесін үстімізге жапсыра салған бола қоймас. Әр саланың өз мамандары мен шеберлері бар дегендей. Сондықтан кез келген киімді жарасымды етіп кию үшін стилистердің де айтарына құлақ асу керек.  Осы стильде киіну үшін неге мән беріп, нені білген жөн:



  1. Жиынтықта (комплект) бір ғана көлемді киім болғаны жөн, сол кезде образ әлдеқайда үйлесімдірек көрінеді.

  2. Минимализм стилі аса салмақ салмай, көзге оғаш көрінбейтін оверсайз образын жасауға жақсы жарасады.

  3. Көлемді киім артық салмақты жасырмайды, керісінше, оны одан да үлкен етіп көрсетеді.

  4. Оверсайз үшін ең ұтымды түстер монохромды немесе басқа да көзге бір қарағанда жайлы реңктер сәтті болады. Ал егер киімнің түсі өте ашық немесе принтті болса, бұл киім жиынтығында басқа киімдердің бейтарап болуына мән беріңіз.


Киімді ретпен, сәнмен, жарастыра кие білу де – өнер. Бүгінде жастың да, кәрінің де көңілінен шыққан оверсайз батыстан келген стиль болса да, тырыстырып киініп жүргеннен көрі кеңінен, молынан болғаннан кейін де қазір біраз адамның жаппай киіну сәніне  айналған болар. Адам көркі – шүберек. Сондықтан, заман қанша дамып кетсе де, етек-жеңімізді жабатын, бойға әдемі қонатын киімнен алыстамайық.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00