AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Кешбэк пен дисконт карталарды қолдануға бола ма?

Кешбэк пен дисконт карталарды қолдануға бола ма?

Керек кеңес 02.03.2024, 07:04 1,327
Кешбэк пен дисконт карталарды қолдануға бола ма?
Сурет: интернеттен

Кешбэк – бұл тауар сатып алудан немесе қызмет ақысын төлеуден түсетін бонустық пайыз.


Әдетте мереке қарсаңында айрықша қаптап кететін кешбэк жайында ҚМДБ Ғұламалар кеңесі не дейді?


Кешбэк жүйесінде карта иесі (клиент) белгілі бір дүкеннен тауарды сатып алған жағдайда эмитент (банк) клиенттің шотына белгілі бір пайызды қайтарады. Ал сатушы банк арқылы тауарын сатқаны үшін эмитентке белгілі бір комиссия төлейді.


Кешбэктің үкімі төлем карталардың түрлеріне байланысты әрқалай болады:


Дебеттік карта – клиенттің банк шотындағы ақша сомасы шегінде төлемді немесе ақша аударымын жасауға мүмкіндік беретін төлем картасы.



Дебеттік картаны қолдануға көптеген ғалымдар мен пәтуа ұйымдары рұқсат берген. Өйткені бұл картада өсім беру қарастырылмайды. Ислам Фиқһ Академиясының 139 (5/15) қарарында: «Дебеттік карталарды шығаруға әрі қолдануға рұқсат... Сондай-ақ карта иесіне шариғатта тыйым салынбаған қызмет көрсету немесе тауардың бағасын төмендету сияқты жеңілдіктерді пайдаланудың оқасы жоқ», – делінген. Осы ретте төлем барысында клиенттің картасына қайтарылған кешбэкті қолдануға рұқсат етіледі.



Кредиттік карта – эмитент пен клиент арасында жасалған банктік қарыз шартының талаптарымен төлемдерді, ақша аударымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем картасы. Кейбір эмитенттер клиентке қарызды пайызбен немесе пайызсыз беруі мүмкін. Пайызсыз берген жағдайдың өзінде қарызды уақытынан кешіктірсе, айыппұл белгіленеді.


Кредиттік карталарды қолдануға байланысты ғалымдардың арасында екі түрлі көзқарас бар:


1) Кредиттік карталарда өсім әрі оған алып баратын шарттар қамтылғандықтан бұл картаны қолдануға тыйым салынады. Өйткені кредиттік картада эмитент пен клиент арасындағы байланыс қарыз ретінде қарастырылады. Егер кредиттік картаны қолдануға тыйым салынса, онда одан түскен кешбэкті де пайдалануға болмайды.


2) Эмитент қарызды пайызсыз береді. Бірақ қарызды өтеу уақытынан кешіктірсе, айыппұл белгілейді. Егер клиент қарызды пайызсыз алып, уақытылы төлеуге сенімді болса онда бұған қажеттілік жағдайда кейбір ғалымдар рұқсат берген. Дегенмен одан түскен кешбэкті қайырымдылыққа жұмсайды дейді.


Бонустық карталар. Бонус жинақтауға мүмкіндік беретін арнайы карта. Сатушы өзі немесе кешбэк сервистерінің қызметін пайдалана отырып клиентті тарту мақсатында бонус карталарын ұсынады. Осы карта арқылы клиент балл, бонус жинап, сол дүкеннен зат алуына болады. Бұл картаны қолдануға төмендегі шарттар негізінде рұқсат етіледі:


– Төлем карталары шариғат талаптарына сай болуы; Кредит карталарын пайдаланып, ол үшін бонустар алуға болмайды.


Бонусты шариғатта тыйым салынбаған нәрсеге жұмсауы;


Бонустың есесіне клиенттен комиссия алынбауы;


Бонусты сый ретінде беруі;


Бонус себепті тауарды қымбатқа сатпауы тиіс.



Дисконттық (жеңілдік) карта – бұл сауда орталықтары, туристік фирмалар т.б. жеңілдіктерді ұсынатын карта. Бұл карта ақылы және тегін болуы мүмкін. Ислам Фиқһ Академиясының №138 қарарында: «Егер карта тегін берілсе, ондағы берілетін сыйлықтарды, жеңілдіктерді пайдаланудың оқасы жоқ. Бірақ сатушы жеңілдік бергені себепті тауарды қымбат сатпауы тиіс. Егер дисконт картаны сатса әрі бағасы негізі құнынан жоғары болса немесе жыл сайын төлеп тұратын төлемі болса, онда пайдалануға тыйым салынады. Өйткені бұл құмар болып саналады», – делінген.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#кешбэк #карта #ҚМДБ #шариғат #тыйым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);