AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыдағы ересектерге арналған инфекциялық ауруха...

Алматыдағы ересектерге арналған инфекциялық ауруханаға түскен өтініштің 75%-ы ЖРВИ белгісіне байланысты

Медицина Бүгін 11:19 30
Алматыдағы ересектерге арналған инфекциялық ауруханаға түскен өтініштің 75%-ы ЖРВИ белгісіне байланысты
РСК Алматы

ЖРВИ белгілері бар жүкті әйелдерге ерекше назар аударылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыдағы І. Жекенова атындағы қалалық инфекциялық аурухана ЖРВИ, тұмау мен басқа да инфекциялық ауруы бар ересек пациенттерге медициналық көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Қолға алынған іс-шаралар туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында инфекциялық аурухананың директоры Айгүл Абдрахманова жан-жақты баяндады.

Директордың айтуынша, маусымдық сырқаттанудың өсуіне байланысты стационарда науқастарды ауруханаға уақтылы жатқызуға мүмкіндік беретін қосымша төсек-орын қоры да жеткілікті екен.

«Аурухана жалпы 424 төсек-орынға есептелген. Қазіргі уақытта 230 төсек-орын жұмыс істеп тұр, эпидемиялық маусым басталғалы бері қосымша 100 төсек-орын тағы қойылды. Осылайша, пациенттерді қабылдау үшін барлығы 330 төсек-орын пайдаланылып жатыр», – дейді Айгүл Абдрахманова.

Жансақтау бөлімшесі 9 төсек-орынға арналған. Қажет болған жағдайда оның сыйымдылығын тағы 21 төсек-орынға арттыруға болады. Бұл үшін қажетті жабдықтар, атап айтқанда, өкпені жасанды желдету аппараты, мониторлар, инфузоматтар, перфузорлар мен басқа да медициналық техника бар.

2026 жылғы 23 қарашадағы жағдай бойынша ауруханада 316 пациент ем қабылдап жатыр. Олардың 214-інде (68%) жіті респираторлық вирустық инфекциялар, ал 7 пациентте (2,2%) пневмония анықталған.

Эпидемиялық маусым басталған 2026 жылғы 1 қазан мен 23 қараша аралығында ауруханаға респираторлық вирустық инфекциялар бойынша 1 724 өтініш түскен. Оның ішінде 1 199 пациент ауруханаға жатқызылған, бұл жүгінгендердің жалпы санының 70%-ын құрайды. Қалған пациенттерге амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсетіліп, кейіннен тіркелген жері бойынша емханаларға жіберілген.

Қазіргі уақытта қабылдау бөліміне түскен барлық өтініштің шамамен 75%-ы ЖРВИ белгілеріне байланысты.

«ЖРВИ белгілері бар жүкті әйелдерге ерекше назар аударылады. Эпидемиялық маусым басталғалы бері 315 жүкті әйел медициналық көмекке жүгінді, олардың 207-сі стационар жағдайында бақылау мен ем алу үшін ауруханаға жатқызылды», – деді Айгүл Абдрахманова.

Тексеру нәтижесі бойынша ауыр респираторлық вирустық инфекциялары бар пациенттер арасында риновирус, бокавирус, маусымдық коронавирус, сондай-ақ A/H3N2pdm09 тұмау вирусы анықталып отыр.

Ауруханада вирусқа қарсы препараттардың, жеке қорғаныш құралдары (маскалар, қолғаптар, респираторлар) мен дезинфекциялау құралдарының қажетті қоры бар. Сонымен қатар қажет болған жағдайда төсек-орын санын одан әрі ұлғайтуға арналған қосымша қор да қарастырылған.

Спикердің айтуынша, сырқаттанудың динамикасы жалпы алғанда осы кезеңге тән респираторлық инфекциялардың маусымдық өсуіне сәйкес келеді. Былтырғы осы уақытпен салыстырғанда жағдайдың даму барысы ұқсас. Сырқаттанушылықтың күрт әрі әдеттен тыс өсуі байқалмайды.

Осы кезеңде медициналық көмекке жүгінушілер санының артуы, ең алдымен, ЖРВИ мен тұмаудың жыл сайынғы маусымдық таралуына байланысты.

Медициналық ұйым штаттық режимде жұмысын жалғастырып, қажет болған жағдайда қосымша төсек-орын қойып науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетуге дайын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан су нысандары аумағындағы 18 заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Бүгін 11:30

Халықтық құрылыс: Шорнақ ауылында 500 орындық заманауи мәдениет үйі салынып жатыр

Бүгін 11:26

Маусымдық сырқаттанудың өсу кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты мақсат

Бүгін 11:24

Алматыда ЖРВИ-мен сырқаттану былтырғыдан 39%-ға азайды

Бүгін 11:12

Қазақстандықтардың ұзақ мерзімді теңгедегі депозиттерінің өсімі 8%-дан асты

Бүгін 11:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);