Келесі жылдан бастап зейнетақы мөлшері көбейеді

Келесі жылдан бастап зейнетақы мөлшері көбейеді Сурет: Gov.kz

Қаржы министрлігі алдағы екі жылға арналған республикалық бюджет жобасын «Ашық НҚА» порталында жариялады.

2025-2027 жылға арналған жобада 2025 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы мен айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері көбейетінін мәлімдеген, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Биылғы есептік көрсеткіштер мөлшері: 

ең төменгі жалақы – 85 мың теңге ($176);
 
АЕК – 3692 теңге (7,6 доллар);
 
ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге (119,8 доллар);
 
ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге (89,9 доллар);
 
ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – 28 215 теңге (58,4 АҚШ доллары) болса, 
 
2025 жылға арналған жоба мақұлданса:  
 
ең төменгі жалақы – 85 мың теңге ($176);
 
АЕК – 3932 теңге (8,1 доллар);
 
ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге (130 доллар);
 
ең төменгі күнкөріс деңгей – 46 228 теңге (95,7 доллар);
 
ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – 32 360 теңге (67 доллар) болады деп жоспарланып отыр. 
 
Сондай-ақ жасы мен еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемін 8,5%-ға арттыру көзделген. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
7
Күлкілі
12
Шектен шыққан
3
Соңғы жаңалықтар

19:28

18:22

17:50

17:25

17:15

17:03

16:32

16:24

16:20

16:13

16:07

16:01

15:58

15:43

15:31

15:21

15:09

14:53

14:36

14:35

14:32

14:19

14:06

13:36

13:32