AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Келешекте маңызды инвестициялық жобаларды прокурат...

Келешекте маңызды инвестициялық жобаларды прокуратура сүйемелдейтін болады

Әлеумет 19.04.2023, 12:56 1,238
Келешекте маңызды инвестициялық жобаларды прокуратура сүйемелдейтін болады
Сурет: Tengrinews.kz

Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осныдай тапсырма берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Жуықта мен Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі етіп Мұрат Нұртілеуді тағайындадым. Оның халықаралық саладағы тәжірибесі айтарлықтай. Лауазымдық міндетіне байланысты ол сондай-ақ инвестиция тартумен де айналысады. Нәтижесі болады деп үміттенемін», – деді Мемлекет басшысы.



Сондай-ақ, Президент бұл іске «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасын тарту қажеттігін айтты.



«Әрбір маңызды инвестициялық жобаны прокуратура қызметкерлері сүйемелдеуі қажет деп есептеймін. Бұл ұжымдық жауапкершілік жүйесін жолға қоюға мүмкіндік береді және мемлекеттік қызметшілерді дұрыс емес шешім қабылдаймын деген үрейден арылтады.



Мұндай шара инвестицияларды тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға тиіс және шетелдік кәсіпкерлердің инвестицияларының қауіпсіздігіне кепіл болады. Мұның бәрі біздің еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді деп есептеймін», –- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Айта кетейік, Үкімет үйінде Президент төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өтіп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Инвестициялық жобалар #прокуратура #сүйемелдеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);